1222
Ғарифолла Есім, академик. Ебелек - философия
Ғарифолла Есім, академик. Ебелек - философия
Карл Маркстің ілімі бойынша философия пролетариаттың рухани әрі ескі дүниені қиратуға көмектесетін қаруына айналды. Ол қалыптастырған заңдар мен жаңа ұғымдары коммунистік озбыр режимдерге қалтқысыз қызмет етті, әлі де сол дәстүр жалғасын табуда. Бұл, ақыр соңында, адамзатты орасан зор апаттарға ұрындырып, бұрын-соңды тарихта болмаған соғыстардың, геноцидтің орын алуына негіз болды.
Академик, жазушы Ғарифолла Есімнің мақаласы осы философияның түп тамырына үңілуімен, оның шындығын ашып көрсетуімен оқырмандарымызға ой саларына сенеміз.
(Редакциядан)
Бұл философияның негізі – қайшылық. Әу баста ойшылдардың талқысында болған қайшылық туралы философия ХІХ ғасырда саясатқа байланып, дертке душар болды. Оны мұндай халге жеткізген Карл Маркс. Ол ашықтан-ашық былай деп жазды: «Философия пролетариаттан өзінің материалдық қаруын табатыны сияқты, пролетариат та философиядан өзінің рухани қаруын табады» (Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалары: 9 томдық. Алматы «Қазақстан», 1988. 1-том. 15-б.). Философия пролетариаттың рухани қаруы. Бұл философия тарихындағы жаңалық. Философия қару ретінде тобырдың қолына түсіп, оның санасына, іліміне айналды. Адам адам болғалы философия сананың «төресі» атанып, зиялы қауымның үлесіндегі рухани қазына болатын, енді ол тобырға қызмет етпек. Карл Маркстің осы тұжырымын дәлелдемек болып ғалымдар әуре-сарсаңға түсті. Кешегі социалистік елдердегі оқу орындарын, ғылыми зерттеу орталықтарын, институттары, академияларда осы қағиданы одан әрі жетілдіру мақсатында мыңдаған кітаптар жазылып, диссертациялар қорғалып, орасан мол қаражат жұмсалды, себебі Карл Маркс ілімі коммунистік режимнің іргетасы болатын. Карл Маркс бұл идеяны «Фейербах туралы тезистерінде» одан әрі нақтылай түсті. Ол: «Философтар дүниені түрліше түсіндірумен ғана болып келді, бірақ істің түйіні оны өзгертуде жатыр» (Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалары: 9 томдық. Алматы «Қазақстан», 1988. 2-том. 3-б.). Жоғарыда философия пролетариаттың рухани құралы делінсе, мына тезисте, ол осы құралды қолданып, дүниені өзгертуді күн тәртібіне қойған. Дүниені өзгерту үшін, алдымен оны қирату қажет болды. Бұл, шын мәнінде, бұзықтардың ісі, сондай істің зоры – революция. Карл Маркс серіктеспен Фридрих Энгельс өздерін революционерлерміз деп атаған. Олай болса, революцияның әліппесі болуы керек, ондай құжат 1848 жылы дүниеге келді, ол «Коммунистік партия манифесі», онда саяси мақсат нақтылы әрі айқын қойылды: «Коммунистер өздерінің көзқарастары мен ниеттерін жасыруды жексұрын іс деп санайды. Олар өздерінің мақсаттарына бүкіл осы күнгі қоғамдық құрылысты күшпен құлату арқылы ғана жете алатындығын ашық айтады. Үстем таптар Коммунистік Революциядан үрейі ұша қорқып қалтырай берсін. Пролетарлар бұл революцияда өздерінің бұғауларынан басқа ештеңе де жоғалтпайды. Ал олар бүкіл дүниеге ие болады» (К.Маркс пен Ф.Энгельс. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. 1-т. Коммунистік партияның манифесі. Алматы «Қазақстан», 1976. 624-б.). Осы мақсатты «Коммунисты могут выразить свою теорию одним положением: уничтожение частной собственности» (Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. 2-е изд. Т.4. М.: Государственное издательство политической литературы, 1955. С.438). Жеке меншік атаулыны жою, марксшілдердің мақсаты. Жамбыл жыраудың «қасқыр тісі қан қауып» дегеніндей, пролетариат қасқырға айналды, ол дүниені қиратуға кірісті, қолындағы қаруы – Карл Маркс ілімі. Революция деген аспаннан түскен жоқ. Ол идея ретінде қарғысқа қалған шайтанның әрекетінен аңғарылған. Одан бертінгі тарихта Адам Атаның екі баласының арасындағы өшпенділік, ақыры Абылдың түбіне жетті. Неге Қабыл туысы Абылды өлтірді? Туыстар арасындағы осы өшпенділікті ХVIII-ХІХ ғасырларда тап және тап күресі деп анықтау қоғамдық санаға ене бастады. Бұл туыстықтан тыс «туыстық». Оны ғылым тіліне салып, интернационализм деп атау дәстүрге айналды. Адамдардың кедей және бай болып бөлінуін осы интернационализм ұғымы әйгіледі. Осы терминді кезінде Ахмет Байтұрсынов «би-бауырмалдық» деп түп мағынасын тура ашқан еді. Интернационалист болу деген бауырмал болу деген емес, адамдардың бір-біріне өш, жау болуын жария ететін түсінік. Бұл идея құр сөз боп қалмай, Иинтернационализмның бірлестіктері құрылып, олар қарқынды саяси үгіт және насихат атқара бастады, өздерінің ән ұраны болды. 1. Вставай, проклятьем заклеймённый, Голодный, угнетённый люд! Наш разум — кратер раскалённый, Потоки лавы мир зальют. Сбивая прошлого оковы, Рабы восстанут, а затем Мир будет изменён в основе: Теперь ничто — мы станем всем! Время битвы настало Все сплотимся на бой. В Интернационале Сольётся род людской! Біз әлемді қиратамыз, одан кейін жаңа әлем орнатамыз деп ұрандады би-бауырмашылдар. Осы идеяны кейінірек Германияның национал-социалистері іс жүзіне асыру мақсатында, яғни жаңа тәртіп орнату үшін екінші жаһандық соғыс ашты. Коммунистік және фашистік идеялар бір-бірінен алыс кетпеген, айырмашылықтарынан үндестіктері мол болатын. Пролетарлық революция және кеңестік замандағы коммунистер режимі қаншама миллиондаған жазықсыз жандарды құрбан етті. Карл Маркс «Еуропаны елес кезіп жүр, ол коммунизм елесі» – деп еді, осы идеяны Ресейде іс жүзінде іске асырған Владимир Ленин бастаған большевиктер (коммунистер). Большевиктер жеңіске жеткен соң, бұрын-соңды тарихта болып көрмеген мемлекеттік машинаның ең қаны сорғалаған түрі пролетариаттық диктатурасын орнатты. Міне, осы мемлекеттік машинаға қайшылық туралы философия ауадай қажет болды. Қайшылық тап күресінің күретамыры. Қайшылық – болған соң, қарама-қарсы күштер бар, олар таптар, олар ымырасыз, бірін-бірі қырып- жоймай тынбайды. Сөйтіп, алып Ресейде соғыстың ең ауыр түрі, азаматтық соғыстың оты тұтанды. Енді ағайындылар (Абыл мен Қабыл дәстүрі) бір-біріне жау болып, қолдарына қару алып, ел бүлігі, азаматтық соғыс басталды. Большевиктер насихатында бұл қанаушылар мен қаналушылар арасындағы соғыс. Содан барып «тап жауы», «халық жауы» дегендер өсіп-өрбіп шыға бастады. Қоғамда, ел ішінде таптық мүдделері ешқашанда ымыраға келмейтін адамдар топтары бар, олар таптар, әлеуметтік топтар. Осындай жағдайды ілім, теория ретінде дәлелдеу үшін қайшылық философиясы – диалектиканың тарихи қажеттілігі туды. Өз мүддесіне сай істің білгірі Ленин «Диалектика марксизмнің жаны» – деп Маркс ілімін жақтаушылар, насихаттаушылар арасына ұран тастады. Диалектика тек марксизмнің жаны болып қоймай, кеңес өкіметінің қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың жаны, бірден-бір әмбебап тәсілі әрі теориясы болып келді. Өкінішке қарай, оның «Социализмнің туа біткен таңбасы» ретінде әлі де өмір сүріп келе жатқаны да шындық. Диалектика деген не? Оның философия тарихындағы орны дегенге келсек, ол ұзақ әңгіме. Сөзімізді қысқаша қайыру мақсатында, сөз етіп отырған Карл Маркстен ұзап шықпасақ деген ниет бар, ол «Капитал» деген еңбегінің екінші басылуына орай жазған алғы сөзінде былай деген: «Мой диалектический метод по своей основе не только отличен от гегелевского, но является его прямой противоположностью» (13.ХХІІІ.21) (Хрестоматия по истории философии. М., 1997. 428-б.). Рас, Гегельдің диалектикасы мистификация. Карл Маркстің өзі айтқан: «У Гегеля диалектика стоит на голове» (Сонда, 429-б.). Карл Маркске диалектиканың қажет болғаны, ол тәсіл ретінде тап күресі іліміне таптырмайтын құрал. Диалектика қанаушылар мен қаналушылардың бір-біріне тап жаулары екенін дәлелдеп беретін тәсіл. Карл Маркс өз диалектикалық тәсілін Гегельге қарама-қарсы дегенде айтпағы, материалистік, яғни атеистік көзқараста болғаны. Сонымен, диалектиканың екі түрі барын аңғардық. Біріншісі – Гегельдің идеалистік диалектикасы. Екіншісі – Карл Маркстің материалистік-атеистік диалектикасы. Алғашқы диалектика нысанасы – ойлау, кейінгінікі – болмыс. Гегель ойлаудан болмыс (дүниені) шығарса, оны Карл Маркс мистификация деп, ол болмыс ойлау мазмұнын анықтайды деген тұжырым жасаған. Гегель философиясына сүйеніп, диалектика қайшылық туралы тәсіл әрі теория деп кеңестік заманда студенттерге дәріс оқыдық, оны философиямен пара-пар қойдық. Гегельдің идеалистік диалектикасы, Маркстің материалистік диалектикасы жалпы философиядағы бір бағыт, ағым ретінде айтылса, әңгіме басқаша болар еді. Философия тарихында ағымдар мен бағыттар жеткілікті, бұл да солардың бірі десек қате болмас еді, бірақ бұдан өзге философия болмайды дегеніміз әбестік болды. Фридрих Энгельс «Анти-Дюринг» деген кітабында маркстік философияның жүйесін жасауға кірісті, сөзімізге айғақ үшін үзінді келтірейін: «...История природы и человеческого общества – вот откуда абстрагируются законы диалектики. Они как раз не что иное, как наиболее общие законы обеих этих фаз исторического развития, а также самого мышления. По сути дела они сводятся к следующим трем законам: Закон перехода количества в качество и обратно. Закон взаимного проникновения противоположностей. Закон отрицания отрицания. Все эти три закона были развиты Гегелем на его идеалистический манер лишь как законы мышления: первый – в первой части «Логики» – в учении о бытии; второй занимает всю вторую и наиболее значительную часть его «Логики» – учение о сущности; наконец, третий фигурирует в качестве основного закона при построении всей системы. Ошибка заключается в том, что законы эти он не выводит из природы и истории, а навязывает последним свыше как законы мышления. Отсюда и вытекает вся вымученная и часто ужасная конструкция: мир – хочет ли он того или нет – должен сообразоваться с логической системой, которая сама является лишь продуктом определенной ступени развития человеческого мышления. Если мы перевернем это отношение, то все принимает очень простой вид, и диалектические законы, кажущиеся в идеалистической философии крайне таинственными, немедленно становятся простыми и ясными как день» (13.ХХ.384) (Хрестоматия по истории философии. М., 1997. 434-б.). Фридрих Энгельс те аяғы-басы боп тұрған Гегельдік ойлаудың заңдарын, материалистік-атеистік түсінікке салып, табиғаттың, қоғамның және ойлаудың неғұрлым жалпы заңдары деп жоғарыда аталған үш заңды ұсынды. Кейінірек, бұлар диалектиканың үш заңы болып, оқулықтарға еніп, әлі де олардан арыла алмай келеміз. Философияны көбейту таблицасы тәріздес көпшілікке ұғынықты қылудағы мақсат, оны тікелей саясатқа қызметші еткізу ниетінен туған. Философия пролетариаттың рухани және ескі дүниені қиратудың құралы болғандықтан, оның заңдары және жаңа ұғымдары коммунистік режимдерге қызмет еткен және де сол дәстүрін сақтаған.***
Философияны коммунистер ілімін насихаттауда пайдаланғанын өз тәжірибемнен өткіздім. Ұзақ жылдар маркстік-лениндік философиядан жоғары мектеп шәкірттеріне дәріс оқыдым. Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Владимир Ленин еңбектерін жатқа білетін халге жеттім. Айтпағым, философия социалистік қоғамда схоластикалық мағынада қызмет атқарды, оны ғылыми тілде апологетика деуге де болады. Маркстік-лениндік философия өзінің саясатқа жалдамалық қызметін мейлінше атқарды. Миллиондаған адамдардың санасын түбегейлі сапалық өзгеріске салды. Бұл істің салдары әлі де сақталуда. Маркстік-лениндік философияның негізін салушылар өз істерінің шеберлері еді. Карл Маркстің «Фейербах туралы тезистері», Фридрих Энгельстің «Табиғат диалектикасы», «Анти-Дюринг», «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», Владимир Лениннің «Марксизмнің үш негізгі және үш құрамдас бөлігі», «Материализм эмпириокритицизм», «Философиялық дәптерлер» деген еңбектерін басшылыққа ала отырып, большевизм идеологтары білім саласына диалектикалық материализм және тарихи материализм деген екі пән енгізді. Осы пәндерді оқыту кезінде Ленин атап айтқан марксизмнің үш жаңалығы студенттер қауымына «білім» ретінде жеткізілді. Ол қандай жаңалықтар еді дегенге келсек: 1. Карл Маркстің «Капитал» деген еңбегінде ашқан «қосымша құн» теориясы. Ол қанаудың экономикалық негізі. Содан тап күресі шықпақ; 2. Тап күресінің пролетариат диктатурасына дейін жетуі туралы ақиқат; 3. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну немесе «тарихты жасаушы тұлғалар емес, бұқара халық» деген теория. Маркстік философия осы теорияларды дәлелдеп, насихаттауды өз міндетіне алды. Сөйтіп, ол схоластикалық мазмұнын айқын аңғартты. Мұны қабылдамағандар Сталин заманында «халық жаулары» атанды, кейінгі жылдарда еркін ойлаушылар партиялық жазаларға тартылып отырды. Ленин философияны саясатқа түбегейлі бағындырды. Осы мақсатта жоғарыда айтылған «Диалектика – марксизмнің жаны» деген қағида қоғам тануда нық орнықты. Бұл саяси күрес, саяси мақсат үшін таптырмайтын тезис. Диалектикасыз марксизмнің саяси құны жоқ екенін ол нақты түсінді. Пролетариат көсемі осы мақсатқа орай атап өтілген «Марксизмнің үш негізгі және үш құрамдас бөлігі» деген мақаласында маркстік философияға теориялық алғы шарт болған неміс классикалық философиясы деген түйін жасады. Неміс классикалық философиясы дегенде, әсіресе Гегельдің идеалистік диалектикасы ерекше бағаланды. Біз студенттерге дәрістерімізде осы бағытты ұстандық. Өзгеше айтуға «рұқсат» болмады. Диалектика және оның мәселелерін зерттеу модаға айналып, немістің классикалық философиясына ашықтан-ашық табыну басталып кетті. Бұл істі коммунистік партияның атқарушы органдары қолдап, әрі бақылап отырды. Материализм, атеизмге негізделгендіктен, «Ғылыми атеизм негіздері» деген пәнді жоғарғы курс студенттері жаппай оқыды. Бұл пәнді меңгермеген студентке жоғары білімі бар деген диплом берілмейтін тәртіп орнады. Фридрих Энгельс «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры» деген еңбегінде «неміс классикалық философиясы» деген ұғымды енгізіп еді, сол әлі қолданыстан шықпай келеді. Неге, неміс философтары ғана классик болуы керек, грек, француз, ағылшын, араб философтары қайда қалмақ? Оған жауап, неміс философиясы әлем философиясының шыңы. Кеңес заманында Гегель философиясына сын айтпақ түгіл, оған күдік келтіру қауіпті іске айналды, себебі бұл философия коммунистік режимнің қызметінде болды. Коммунистік партия диалектика мәселесімен шұғылданғандарға ризашылық білдіріп, оларды қаражаттандырып, марапаттап отырды. Мәселенің асқынғаны сондай, философия біліміне жат қағида өмірге ене бастады. Ол диалектикалық логикадан басқа философия болуы мүмкін емес деген дерт. Осындай теріс түсінік нәтижесінде антикалық заманнан келе жатқан философиялық плюрализмге тоқтау салынды. Бұл социалистік қоғамның рухани дағдарысының басы болатын. Таңқаларлық жағдай, диалектикалық логика Мәскеу, Ленинград, Киевтен кейін Алматыда ұя тепті. Оның қалай қалыптасқанын, кімдер дән сепкенін кейінірек зерттеушілер анықтай жатар, менің айтпағым, бұл үрдіс, бір жағынан, қазақ жастарының философияға құмарлығының оянуына себепші болды. Табиғатынан даналыққа құштар халық ұрпақтарының бір парасы философия үрдісіне мықтап түсті. Кеңес заманында диалектикаға, диалектикалық логикаға, лениндік бейнелеу теориясына, Карл Маркстің «Капиталына», Лениннің «Философиялық дәптеріне», «Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбектеріне жүздеген том-том зерттеулер жасалды, диссертациялар қорғалды, толып жатқан конференция, симпозиум, конгресстер ұйымдастырылды, шешімдер қабылданды. Осындай істердің біршамасына қатысқан адамның бірі – менмін. Бұл істерге, шараларға коммунистік партия басшылары дем беріп, желеп-жебеумен болды. Бұл философияның мазмұны жағынан схоластика, тәсілі жағынан софистика (софистика туралы кейінірек айтамын) екендігінің дәлелі. Егеменді ел ісіне араласа бастаған жас ұрпақ мұны білулері керек. Сонда мәселе төркіні неде? Мәселені қысқаша түрде баяндасам, іс – диалектика дегенге тіреледі. Диалектика дегеніміз не? Жоғарыда айттық, ол қайшылықтар туралы ілім және тәсіл. Диалектиканың бастауы Гегель философиясында. Ол жөнінде Артур Шопенгауэр сөзіне ден қоялық. «Итак, я буду прав, если с этой целью скажу, что так называемая философия этого Гегеля – колоссальная мистификация, которая и у наших потомков будет служить неисчерпаемым материалом для насмешек над нашим временем: что это – псевдофилософия, расслабляющая все умственные способности, заглушающая всякое подлинное мышление и ставящая на его место помощью беззаконнейшего злоупотребления словами пустейшую, бессмысленнейшую и потому, как показывают результаты, умопомрачительнейшую словесную чепуху; что она имея своим ядром неведомо откуда взятую и вздорную выдумку, не знает ни оснований, ни следствий, т. е. ничем не доказывается и сама ничего не доказывает и ничего не объясняет и к тому же, лишенная оригинальности, является простой пародией на схоластический реализм и одновременно на спинозизм, – чудовище, долженствующее притом же еще, с оборотной своей стороны, представлять собою христианство: Особенно Гегель быстрыми шагами идет навстречу презрению, ожидающему его у потомства. В качестве героев этого периода блещут Фихте и Шеллинг, а наконец, даже и их совершенно недостойный и гораздо ниже этих талантливых господ стоящий, неуклюжий, бездарный шарлатан Гегель. Хор составляли всякого рода профессора философии, с серьезной миной повествовавшие перед своей публикой о бесконечном, об абсолютном и многих иных вещах, о которых они совершенно ничего не могли знать. Ибо, по моему убеждению, он не только не имеет никаких заслуг перед философией, но оказал на нее и через это вообще на всю немецкую литературу крайне пагубное, поистине отупляющее, можно сказать, тлетворное влияние: выступать при всяком удобном случае с самым энергичным противодействием этому есть долг каждого, кто способен самостоятельно судить (Артур Шопенгауэр. Две основные проблемы этики. Минск «Попурри», 1997. С.17, 18-19, 39, 205). Артур Шопенгауэрдің Гегель туралы айтқандарынан нендей түйіндер жасауға болады: – Гегель философиясының ұланғайыр мистификация екендігі; – Өз заманын келешекте күлкіге қалдырғандығы екендігі; – Адамның ақыл жігерін әлсіретіп, езбе, көпірме, мағынасыз сөз орамдарына құрылған – псевдофилософия екендігі; – Гегельдің келешекте қарғысқа қалып, шарлатандық қылықтары үшін келер ұрпақтың сотына түскендігі. Гегель философиясы туралы Артур Шопенгауэрден бұрынырақ айтқан орыс ойшылы П.Я. Чаадаевтың (1794-1856) мынандай пікірін келтіргенді де жөн демекпін. «Гегель философиясы «болмыс» және «рух» деген екі түсінікке негізделген. Әрине, бұл оның кемшілігі емес. Өкініштісі сол, осы екі түсініктің арасы сірескен, тіптен тым сірескен сөздерге, сөз тіркесіне толы, бұл нағыз номинализм, тар мағыналы логомахия (сөздерді құбылту мен әуестенушілік). Гегель диалектиканы тым әсірелеп, әуреге түскен. Ол өзі өмір сүріп отырған, мына темір жолдарда жүйткіген жылдамдық заманына ортағасырлық схоластиканы тықпалау нағыз әурешілік емес пе?» (П.Я. Чаадаев. Сочинения. Москва, 1989. С.212-213). Петр Чаадаев Гегель философиясынан пайдалы еш нәрсе таппаған. Сөздермен ойнау, яғни логомахияның прагматизм, өркениет қарқын алған заманда не қажеті бар. Орыс ойшылы Гегельдің диалектикаға соншама мән беріп, ортағасырлық схоластикаға салынуын мүлдем қабылдамаған. Схоластика ортағасырларда өз қызметін атқарған, енді оған жол жоқ, жаңа дәуірге жаңа ой қажет. Біздің заманда Гегель философиясына ауыр соққы берген Карл Поппер (1902-1994) «Для того, чтобы предостеречь читателя от серьезного восприятия напыщенного и мистифицирующего жаргона Гегеля, я процитирую некоторые поразительные отрывки из его сочинений, где речь идет о звуке и в особенности об отношениях между звуком и теплотой. Әңгіме дыбыс пен жылулықтың арақатынасы туралы. Осы физикалық процесті Гегельдің түсіндіргені түсінбеудің тамаша тәсілі. Гегельдің философиясының өне бойы осындай түсініктемелерге толы. «Дыбыс материалды денелердің ерекше түрде ауысуы және теріске шығуы, немесе бұл терістеу абстрактылық (дерексіз) идея ғана емес, былайша айтқанда, идеалдылықтың идеалдылығының ерекшелігі». Бұдан не түсінуге болады? Карл Поппер сөзіне қосыламын, бұл жерде терең ой емес, кәдімгі мәнсіз сөз. Осы орайда XV ғасырда өмір кешкен католик Эразм Роттердамскийдің «түсінікті нәрсені түсініксіздікке айналдыру үшін философия қажет пе», – деген ескертпесі еске түседі. Гегель философиясына мағыналы талдауды Бертран Рассел «Батыс философиясының тарихы» деген еңбегінде берген. «Марксте таптар қалай орын алса, Гегель де ұлттарға сондай мағына берген. Ол ұлттық рух тарихи дамудың принципі деген. Әрбір ғасырда әлемді диалектика кезеңдерінен өткеріп отыратын белгілі бір ұлт болады. Осы ғасырда ондай ұлт – Германия. Осы неміс фашизмінің идеологтарына таптырмайтын қағидаға айналды. Аристік нәсіл әлемді билеп, оған үстемдігін жүргізу керек деген аспаннан түскен идея емес, ол Гегель философиясында әбден қайнап-пісіп жетілген болатын» (Бертран Рассел. История Западной философии. Ростов-на-Дону «Феникс», 1998. С.832). «Мен пацифиспін. Соғысты насихаттау ізгілік жолы дегенге қарсымын. Өзін ойшылға балайтын адамның ойы ізгілік болмаушы ма еді!? Гегель болса, «Соғыс дегеннің жатымды адамгершілік мәні бар» – дей келе, ол бейбітшілік ізгілік емес, керісінше соғыс ізгілік. Бейбітшілік қатып қалған дүние. Бейбітшілік Лигасы қателік. Мемлекеттер достастығына жау керек. Мемлекеттер арасындағы конфликтер тек қана соғыс арқылы шешілуі керек. (Сонда, С.835). Конфликтілер шешімі тек – соғыс, бұл фашизм. Осы тезис Карл Маркске де, оның ізбасары Владимир Ленинге де, оның жолына түсіп, социализм құрған Сталинге де ұнаған. Соғыс, қантөгіс бұл пролетариат диктатурасының мән-мағынасы. Отандық ғалымдардың айтуынша, 1941-1945 жылы жаһандық соғысқа 500 мың қазақ азаматтары қатысып, оның 350 мыңы, яғни 70 пайызы қайтпады, ал елге оралғандарының дені мүгедектер. Кейінгі кезде анықтала бастаған дерек бойынша, қазақ жауынгерлерінен құрылған, Ржев бағытында майданға қатысқан 100 бригаданың 4889 адамынан тірі қалғаны 430 ғана адам. Бұл жан түршігерлік деректер. Соғыс қашан да соғыс. Бұл жөнінде орыс жазушысы Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» деген тамаша шығармасы бар. Роман толығымен соғысты әшкерелеуге құрылған. Француздардың Ресейге соғыс ашуының қандай мағынасы бар еді. Есіме түскені, Ватерлоо майданында бір француз солдатының бірін-бірі қырып жатқандар арасында: – Тоқтатыңдар, сендер, тіптен, бір-біріңді танымайсыңдар, бір-біріңді өлтіруді тоқтатыңдар, – деп жер салып жүріп, байғұс оққа ұшты. Менің әкем екінші жаһандық соғысқа қатысты. Мен бала кезімде: – Әке, неше неміс өлтірдің, – десем, әкем: – Балам, олай деме, олар да адамның баласы, – дейтін. Ол кезде әкемнің сөзі мағынасыз әрі түсініксіз еді, іс мәнісін енді ұғынып отырмын. Соғыстан өсіп-өнетін тек қасірет, ол мақтаныш майданы емес, қасірет майданы. Сондықтан, соғыс туралы Гегель философиясымен ешқашанда келісуге болмайды. Жүздеген, мыңдаған, миллиондардың қайғысынан, құрбандығынан қуаныш қалай шықпақ, мадақ қалай болмақ? Ойланатын мәселе. Бертран Рассел нақтылы талдаулар нәтижесінде Гегель философиялық жүйесінің қате екенін ашып айтқан. Ол былай деген: «Гегель тұжырымы бойынша, нәрсе туралы қажетті білім, оны өзге нәрселерден ажырату үшін, олардың (нәрселердің) қасиеттерін логика арқылы анықтаса жеткілікті. Бұл қателік болатын, осы қателіктен оның күллі жүйесінің құрылыс архитектурасы өніп шыққан» (Сонда, С.839-840). Логикамен әлемді түсіндіру ғылым тәсілі, бірақ әлем логикаға сыя ма, ол жағын Гегель есепке алмаған. Бертран Рассел мұндай тәсілдің философиялық жүйеге айналуының қате екенін дөп басқан. Гегельшілермен таласқа түсу оңай іс емес, есте болатын тарихи тағылым бар, ол ібілістің ғалымдығы, оны естен шығармау керек. Жаратушы ісіне, яғни адамды жаратқанына күдік келтірген (бұрынғы періште), сөйтіп қарғыс алған ібіліс – шайтан емес пе? Карл Маркстің әйелі Женнидің фабрикант ағасының Карл өлгелі жатқанда. – Ол қарғыс атқан ібіліс, – деп айтқаны бар. Шайтанмен күресті осал деп кім айтқан!! Мәселенің ауырлығы да сонда емес пе!! Бертран Рассел өз сөзінде Карл Маркс пен Гегельді орынды салыстырған. Алғашқы таптар туралы жаңа ілім жасап, адамзатты екіге жарса, соңғысы ұлт деген ұғыммен Германияның келешекте болатын ауыр қасіретіне іргетас қалаған. Ұлтты диалектикалық кезеңдерден өткізіп, оның өзге халықтарға үстемдігін ашықтан-ашық жария етумен фашизмнің Германияда өсіп-өнуіне дән сепкен. Гегельден кейін Германия екі жиһандық соғыс бастады, әсіресе соңғысы неміс халқының қасіретіне айналды, рухани дүниесіне жазылмас жара салды. Маркстік философияда аты шулы Фихте де осы бағытта болған. «Я был немцем, отсюда следовало, что немцы превосходили все другие нации. «Иметь характер и быть немцем, – говорит Фихте, – несомненно, означает одно и то же». На этой основе он разработал целую философию националистического тоталитаризма, которая имела очень большое влияние в Германии»). Анығырақ айтсақ, неміс фашизмінің «теориялық қаруына» айналды.Ғарифолла Есім, академик, философ