Еуропаға экспорт көлемі артқан

Еуропаға экспорт көлемі артқан

Еуропаға экспорт көлемі артқан
ашық дереккөзі
285
Қазақстанның Еуропалық одаққа ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 219,8 млн долларды құрады Өткен аптада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі Еуропалық комиссар Фил Хоганмен кездесті. Кездесу барысында Еуропалық комиссия одағымен ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ мерзімді әріптестікті және ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар ЕАЭО шекарасы арқылы еуропалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің транзиттік мәселелерін талқылады. Еуропалық одақпен әріптестік – Қазақстан Республикасының сырт­қы саясатындағы басым ба­ғыт­тарының бірі. 2015 жылы Қазақс­тан­ның Еуропалық одақпен ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-тү­лікті қайта өңдеу бойынша сырт­қы тауар айналымы 635,9 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан 2015 жылы Еуропалық одаққа 92 мың тонна астық, 247,7 мың тонна зығыр, 15,9 мың тонна мақта талшығы мен 5,9 мың тонна ба­лық филесін экспорттады. Ал Қазақстанның Еуропалық одаққа ауыл шаруашылығы өнімдері экс­портының көлемі 219,8 млн дол­лар­ды құрады. Қазіргі таңда Қазақстанда ита­льяндық, германдық және вен­грия­лық ірі компаниялар өз қызметтерін белсене жандандыру үстінде. 2012 жылдан бастап Қазақстанда БҰҰ Еуразиялық экономикалық бір­лестігінің және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйы­мы­ның қаржылық қолдауымен жеке сектор, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың қатысуымен су ресурстарын интеграциялауын басқару, өңдеу және іске асыру тұғырнамасымен су саясаты бойынша Ұлттық диалог жүзеге асырылып келеді. Осы жылдан бастап су ресурс­та­рын басқару саясатына үлес қосу аясында Еуропалық одақтың «Қазақс­танның жасыл экономикаға көшуін қолдау» бойынша бірінші жобасы жүзеге асырылуда. Аталған бағ­дар­ламаны қаржыландыру Еуро­палық одақтың жалпы бюджетінен жү­зеге асырылады. Жоба аясында трансұлттық су ресурстарын басқару, су және денсаулық мәселелері жө­нінде Протоколын енгізуге қолдау көрсету және өзендік бассейндерін бас­қару үшін институционалдық не­гізді жақсарту жұмыстары жүр­гі­зілуде.  

Әсел МАҚСАТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары