Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау күнін өткізді

Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау күнін өткізді

Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау күнін өткізді
ашық дереккөзі
368
ҚР Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау күнін өткізді. Жиынға ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі мен Жоғарғы сот мамандары қатысты. Президент Аппаратында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Петропавл, Атырау, Жамбыл және Қызылорда облысы тұрғындарынан келіп түскен арыз-шағымдар қаралды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп түскен шағымдардың көбісі сот шешімімен келіспеген жағдайлар, полиция қызметкерлерінің тергеуді дұрыс жүргізбеуі, сонымен қатар жер теліміне байланысты және басқа да әлеуметтік мәселелер қаралды. Арыз-шағымдарға байланысты сала мамандары тұрғындарға кеңес беріп, мәселелерін шешудің оң жолдарын көрсетті.

Серіктес жаңалықтары