Сарыағаш таза су және газбен қамтылады

Сарыағаш таза су және газбен қамтылады

Сарыағаш таза су және газбен қамтылады
ашық дереккөзі
1494
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданының елді мекендерін дамытуға Жартытөбе ауылдық округіндегі 11 көшенің 23,3 шақырымына, ал Қабланбек елді мекеніндегі 16 көшенің 18,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, аудан орталығы Сарыағаш қаласында биыл 3,7 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, биыл «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен ауданда 5 көшенің 9 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданды ауыз сумен қамту бойынша Атамекен елді мекенінде ауыз су жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған уақытта 210 абонент, яғни 2 122 тұрғын таза ауыз сумен қамтылатын болады. Атамекен елді мекенінде «Тоболино» АГТС газ қуаттылығын арттыратын станцияның құрылысы басталған болатын. Өткізгіштік қуаты – 20 000 нм3/сағатты құрайтын газ құбыры жүйесінің ұзындығы – 4,73 шақырым. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, бірнеше елді мекен газбен қамтылатын болады. Ауданда құрылыс жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Сарыағаш қаласының Самал шағын ауданында 900 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. 2020 жылы құрылысы басталған мектеп 2021 жылы тамыз айында пайдалануға берілмек.

Серіктес жаңалықтары