Алматыдағы «арнайы операция» аяқталды

Алматыдағы «арнайы операция» аяқталды

Алматыдағы «арнайы операция» аяқталды
ашық дереккөзі
259
  Алматыда бүгін таңертең «арнайы операция» өтіп жатыр деп жарияланған аудандардағы қоршау алынып тасталды. Бұл туралы Азаттық тілшісі оқиға орнынан хабарлады. Қалалық ішкі істер департаменті шұғыл іздестіру іс-шарасының аяқталғанын жария етті. Бүгін таңертең Гоголь – Зенков – Мақатаев – Абдуллин көшелерінің ауданы қоршауға алынды. Зенков және Абдуллин көшелеріндегі қозғалыс тежелді. Қоршауда ұстау екі сағаттан астам уақытқа созылды. Арнайы операция жүргізілген ауданды полиция мен қарулы күштердің автомат асынған қызметкерлері айнала қоршап тұрды. Қоршалған ауданда полицияның автокөліктері мен арнайы техника тұрды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, осы уақытта мобильді Интернет арқылы файлдар жолдау қиынға соққан. Жергілікті ақпарат таратушы сайттардың хабарлауынша, полиция «Көк базарға» жақын маңдағы ауданды да қоршауға алған. Алматы ішкі істер департаменті бүгін таңертең аталған көшелердің қиылысқан ауданында шұғыл іздестіру іс-шаралары жүргізілетінін хабарлады. Департаменттің баспасөз қызметі арнайы операция туралы басқа мәлімет таратқан жоқ. Полицияның бұл операциясы қаладағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүйсенбідегі қарулы шабуылдан қаза болған полиция қызметкерлерін жерлеу рәсімімен қатар жүріп жатты.

Серіктес жаңалықтары