Шетелде оқитын қазақстандықтар еліміздегі университеттерге ауыса алады

Шетелде оқитын қазақстандықтар еліміздегі университеттерге ауыса алады

Шетелде оқитын қазақстандықтар еліміздегі  университеттерге ауыса алады
ашық дереккөзі
373
Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады. Коронавирус пандемиясына байланысты шетелде оқитын студенттердің көпшілігі қашықтан оқытылады. Алайда, ондай мүмкіндік барлық елде қарастырылмаған. Осы себепті оқуын жалғастыра алмайтын студенттер еліміздегі жоғарғы оқу орындарында әрі қарай білім ала алады. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу форматы да жеңілдетіледі. Ол үшін университеттердің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Студенттердің өтініші онлайн режимде қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары