Шұбат, ет, сүт және бал өндіретін кооперативтер құрылмақ

Шұбат, ет, сүт және бал өндіретін кооперативтер құрылмақ

Шұбат, ет, сүт және бал өндіретін кооперативтер құрылмақ
ашық дереккөзі
298
2018 жылы Қазақстанда шұбат, ет, сүт және бал өндіретін кооперативтер құрылмақ. Бұл туралы ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлім етті. «ҚазАгро» басшысының айтуынша, Қазақстандағы кооперациялардың жақсы тәжірибесі ауыл шаруашылығындағы өзге салаларға оң ықпалын тигізіп, енді  сүт, ет, шұбат өндіретін кооперативтер құрылмақшы. «2018 жылға дейін  сүт, ет, шұбат, бал, жүгері өндіретін кооперативтер құру жоспарланып отыр. Оларды Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры  қолдайды», – деді Н.Малелов. Сондай-ақ, «ҚазАгро» холдингі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі жылдан бастап «ҚазАгро» несие пайызын азайтпақшы. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов: «Қазагроның» құрамында үш компания ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қаржыландырады. «ҚазАгрофинанс», «Аграрлық несиелік корпорация» және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры. Осы үш ұйымның бәрі де облыс орталықтарында филиалдарын ашқан. Одан төменгі деңгейде біз несиелік серіктестіктер арқылы несие береміз», – деді «ҚазАгро» филиалдарының санына тоқталып. Брифинг барысында Н.Малелов биыл егін ору науқанын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» 60 млрд теңге бөлгенін жеткізді. Биыл бұл қаржы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 5 пайыз, банктерге 7,41 пайызбен таратылған екен. Келесі жылдан бастап пайыздық қайтарым көлемі азайтылмақ. «Биыл 60 млрд теңге берілді. Оны мынандай бағытта бөлдік. Бірінші бағыт – қаржыны екінші деңгейлі банктер кооперативтерге береді, екінші бағыт – қаржыны өзіміздің еншілес мекемелер арқылы бердік. Қазіргі берген ставкаларымыз – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 5 пайыз. Банктерге 7,41 пайыз. Бірақ, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге келесі жылға баға қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Келесі жылы пайыздар төмендетіледі», – деді Н.Малелов.

Серіктес жаңалықтары