Мықтылар айқындалатын дода – Нұртөре ЖҮСІП

Мықтылар айқындалатын дода – Нұртөре ЖҮСІП

Мықтылар айқындалатын дода – Нұртөре ЖҮСІП
ашық дереккөзі
344
– Елбасы Н.Назарбаев алдағы прай­ме­риз «Nur Otan» партиясын «қайта жан­дандырудың» маңызды бөлігі бо­лып саналатын партияішілік демок­ра­тияның заманауи тетіктерінің бірі еке­нін атап өтті. Ал бүгінгі қоғам «Мық­ты лидерлер – мықты партия» қағидаты бойынша шынайы және мықты көш­басшыларды партия қатарына тарту мен белсенді және бастамашыл аза­мат­тар үшін «әлеуметтік лифт» құруға қан­шалықты дайын? – Елбасы «Бүкіл еліміз бойынша ауқым­ды праймериз өткізу биліктегі партияның «қай­та жаңғыруының» нәтижесі болады» деді. Шынын айтуымыз керек, бұған дейін елімізде мұндай партияішілік  іріктеу өткізілген жоқ. Халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген партия бел­сенділерін ашық таңдаудың бұл тәсілі ел­дегі бастауыш партия ұйымына үлкен серпін беретіні сөзсіз. Праймериз өткізудегі басты мақсат – алдағы Мәжіліс пен барлық дең­гейдегі мәслихаттар сайлауына пар­тиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді тұлғаларды анықтау. Яғни, партияның әр өңірде өткі­зе­тін ішкі сайлауы десек те болады. Прай­ме­риз арқылы партияда білек сыбана іске кі­рісетін белсенділер іріктеледі. Әрі ха­лық­тың партияға деген сенімін нығайта түспек. Бұл ел өміріне елеулі серпіліс әкеледі. Аза­мат­тар өз қарым-қабілетін сынап көреді. Ел­мен бетпе-бет жұмыс істеуге қабілетті жаңа толқын саясат сахнасына шығатын күн алыс емес деп ойлаймын. – Праймеризге қатысуға «Nur Otan»  пар­тиясының мүшелерімен қатар қо­ғам өміріне бейжай қарамайтын, да­рын­ды да креативті барша қазақ­стан­дықтың мүмкіндігі бар. Осы ретте прай­меризге қатысушылар саны көп бол­ғанымен, сапасы қалай болар екен деген сауалдың туындайтыны анық.    – Сапасы дегенде, бір нәрсені анық ұғынуымыз қажет. Праймериз дегеніміз – де­мократияның көрінісі әрі әлеуметтік тең­­дікті қамтамасыз ететін ішкі саяси дода. Де­мек, қарапайым азаматты да, ертең Мә­жіліс, Мәслихатта отыратын азаматты да әлеуметтік лифт арқылы қалыптастыруға болады деген сөз. Ол үшін идеясы бар, көшбасшы ретінде танылған, кез келген сәтте халықтың ортасынан табылатын, халықтың ішінен шыққан, жөн білетін аза­маттар партияға келгені жөн. Біз сонда ғана жемқорлықтан арылып, әділдікке жол аша­мыз. Дамудың даңғыл жолына түсеміз де­сек, осындай саяси додалар қажет-ақ. – Кей әкімдер мәслихатқа өзіне ың­ғай­лы, қарсы шықпайтын депу­тат­тар­дың сайланғанын қолай көретіні жа­сырын емес. Праймериз мықтыларды анық­тайды десек, осы мәселеде бел­сен­ді жастардың билікке келуіне кедергі бо­латын жайттармен қалай күресу ке­рек? – Праймериз ашық түрде, электронды, он­лайн форматта жүргізіліп жатқандықтан, «бармақ басты, көз қыстыға» жол берілмейді деп есептеймін. Кез келген адам интернет арқылы барлық жаңалықты бақылай алады. Қазір праймеризге кім қатысып жатқаны, кім ұсынылғаны, қай аудан, қай облыстан қандай кандидат бар, бәрі ашық көрсетіліп тұр. Бұл жерде сіз айтқан әкімдердің бел­сен­ді жастардың билікке келуіне кедергі жасайтын да мүмкіндігі жоқ. Сондықтан праймериз әділ өтіп, «кіл мықтының ішінен кім мықты?» дейтіндей, кіл мықтылар оза шауып, партияда жаңару процесі жүзеге асады деген сенім мол. – Праймериз ашық және әділ өтуі үшін қандай мәселелер назардан тыс қал­мауы керек? – Праймериз дегеніміз  – партия ішін­дегі «айтыс». Яғни, ертең сайлау науқаны бас­талғанда ел арасына шығып, қоғамды да­мытуға арналған бағдарламасын та­ныс­тырып, ашық пікірталас арқылы өздерін көрсете алатын тұлғалар қалыптасады.  Осы­лайша, үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсыныстары ел алдында ашық, жария­лы түрде саяси пікірталаста анықталатын болады. Суырылып шыққан мықтылар, елге сөзі өтетін беделділер партия атынан үміткерлер тізіміне ілінеді. Тағы бір мәселе бар. Бізде әлеуметтік же­лі­дегі энергетика өте қуатты: жұрт кейде не болса соны сөз етіп, бөстекі әңгіме, желікпе жағдаяттарға ден қойып жатады. Енді осы нәрсе өзгеретін шығар. Біз жер-жер­де жергілікті бюджеттің қалыптасуын және орындалуын қадағалауымыз қажет. Әлеуметтік желідегі белсенділер осындай өмірлік мәселелерге бет бұрса жөн болар еді. – Праймериз біздің елде алғаш өтіп тұр. Десе де, өзге өркениетті елдерде мұн­дай жолмен іріктеу жасау бұрын­нан бар. Осындай тәжірибелерге сүйен­сек, жалпы бұл жүйенің басты тиім­ділігі неде деп ойлайсыз? – Бұл – Қазақстан үшін жаңа мүм­кін­діктер бастауы. Ең бастысы – ашықтық, еркіндік. Шын жүйріктер топқа түсетін до­да болған соң, мұның қоғамға беретін тұ­сы да көп. Заман өзгерісі осындай үрдіске алып келді. Өркениетті қоғам құру басты мұратымыз болса, әлемдегі оңтайлы саяси технологияларды пайдаланғаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Сұхбаттасқан

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары