Мүлікті заңдастырудан алматылықтар да қалысар емес

Мүлікті заңдастырудан алматылықтар да қалысар емес

Мүлікті заңдастырудан алматылықтар да қалысар емес
ашық дереккөзі
253
Қазақстанда мүлікті жария етудің жаңа ережесі енгізілгелі бері тұрғындар арасында мүлікті жария етуге деген қызығушылық артып келеді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі: «Алматыда 2015 жылы жария етілетін мүліктердің бағалық құны бойынша жалпы сомасы 907,8 млн. теңгеге 12 өтініш келіп түскен болатын. Ал, 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығының  қорытындысы бойынша 999 өтініш  келіп түсті. Олардың ішінде 963і- бойынша жалпы сомасы 588,4 млрд. теңгеге мүліктерді жария ету туралы шешім қабылданды. Яғни, жария етілген мүліктер мен ақшаның сомалық көрсеткіші – 720 есеге артты», – делінген хабарламада. Бұл сандар тұрғындардың көлеңкелі капиталға рақымшылық жасаудың және мүліктерді жалпыға бірдей мағлұмдау кезеңіне дейін жария етіп алудың артықшылықтарын түсіне бастағандығын білдіреді.  

Серіктес жаңалықтары