Төле би көшесінде де автобус жолағы пайда болады

Төле би көшесінде де автобус жолағы пайда болады

Төле би көшесінде де автобус жолағы пайда болады
ашық дереккөзі
217
Алматы қаласындағы Абай даңғылында пайда болған автобус жолағы жолаушылар үшін тиімді екенін дәлелдегендей. Бұдан соң, яғни ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, Райымбек даңғылында қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақ іске қосылды. Ал, қазан айынан бастап Төле би көшесінде қоғамдық көлікке арналған жолақ пайда болады. Алматы әкімдігі жанында өткен брифинг барысында Алматы қалалық Автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Мақсұт Исахов: «Қала әкімі бізге алдағы 10 тамызға дейін Желтоқсан мен Наурызбай көшелерінде қоғамдық көлікке арналған жолақ енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, биылғы жылдың қазан айына дейін Төле би көшесінде де қоғамдық көлікке арналған жолақ іске қосылады», – деді М. Исахов. Сондай-ақ, ол бұл шаралардың қоғамдық көлікке басымдық беруге бағытталғандығын айтты. «Біз көшелерге тек жолақтар ғана салып жатқан жоқпыз. Сонымен қатар, қаланың орталық аумақтарына ақылы автотұрақтар жасап жатырмыз. 2016 жылдың соңына қарай, қаланың орталық аумағына көлік қоюға арналған 4 мың ақылы орынды енгізу жоспарлап отырмыз», – деді ол. Айта кетелік, бұл шаралар қоғамдық көлікке басымдық беруге және қаланың орталық аумағынан жеке көліктерді ығыстыруға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары