Декретке шығуға қатысты құжаттар қысқартылды

Декретке шығуға қатысты құжаттар қысқартылды

Декретке шығуға қатысты құжаттар қысқартылды
ашық дереккөзі
530
Бала тууына байланысты төленетін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге қажетті құжаттар саны азайтылды. Бұндай нәтижеге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының бірлескен жұмысының арқасында қол жеткізілді. Енді өтініш беретін кезде болашақ аналарға жұмыстан соңғы 12 айдағы кірістері туралы анықтаманы әкеліп әуре болмайды. Тек жеке куәлік, аурухана парағын және банк есепшотын ұсынса болғаны. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге салық бойынша салыстыру актісі мен Жеке кәсіпкерлік туралы куәлікті ұсынулары тиіс, деп жазады «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі. «Бұрын мемкорпорация қызметкерлері автоматтандырылған ақпараттық жүйеде әлеуметтік салым аударымдары туралы ақпаратты жұмыс орнынан берілген анықтамамен салыстыратын, егер сәйкес келмесе, өтініш берушіге құжаттарын қайтарып, қайтадан нақтылауын сұрайтын еді», - дейді «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтары дирекциясы басшысының орынбасары Серікқан Сабыржанов. «Қазір өзгерістердің арқасында декреттік төлемдер әлеуметтік салымдардың қолда бар сомасы бойынша анықталады. Айта кету керек, декреттік төлемдердің көлемі тікелей жұмыс берушіге, оның әлеуметтік салымдарды дер уақытында, дұрыс көлемде аударуына байланысты», - деді ол. Декреттік төлемдерден тыс, зейнетақы мен өзге әлеуметтік төлемдер туралы туындаған қосымша сұрақтарды 1411 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Жыл басынан бері мемлекеттік корпорацияға декреттік төлемдер бойынша 97,5 мың өтініш келіп түскен.

Серіктес жаңалықтары