321
Британия Airbus-қа қатысты тергеуді бастады
Британия Airbus-қа қатысты тергеуді бастады
Ірі қаржылық алаяқтықпен күрес жөніндегі британдық қызмет Airbus Group компаниясына қатысты алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық бойынша істің ресми басталғанын хабарлады, деп жазады Би-би-си.
Airbus Group өкілдерінің айтуынша, тексеру ғарыштық лайнерлерді сатудың мән-жайына байланысты.
SFO мәлімдемесінде күтіліп отырған құқық бұзушылық компанияның сыртқы консультанттармен жұмысына қатысты екені айтылған.
Қызмет өкілдері одан әрі түсіндірме беруден бас тартты.
Airbus басшылығы компания тергеумен ынтымақтастықты жүргізуді жалғастыруға ниетті екенін мәлім етті.
Биылғы жылдың көктемінде британдық UK Export Finance үкіметтік агенттігі Airbus компаниясы ұсынған декларациялардың сай келмеуіне байланысты экспорттық несиелер беруді тоқтатты.