Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері

Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері
ашық дереккөзі
271
62 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық ауыратлет Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Харки жұлқа көтеруде бесінші орында болды. Бірінші мүмкіндігінде ол 135 келіні еңсерсе, лидерлерді қуып жету үшін таңдаған 140 келі штанганы екі мәрте көтере алмай қалды.  Ал серпе көтеруде Харки 170 келіні еңсерді. Ұпайлары саны бойынша 305 келі жинап, осылайша жарыстың қола медаліне ие болды. Айта кетейік, серпе көтеру кезінде жарыс фавориті саналған қытайлық Чэнь Лицзюнь жарыс жолын мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды. Бұл салмақта 318 келі нәтижемен колумбиялық Оскар Фигероа чемпион атанды (142+176). Харки алған медаль Қазақстанның Олимпиададағы қоржынына үшінші болып түсіп отыр. Бірінші жарыс күні дзюдошы Елдос Сметов күміс, ал дзюдошы қыз Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль алған болатын.

Серіктес жаңалықтары