305
Суицидті үгіттейтін тағы 10 топ анықталды
Суицидті үгіттейтін тағы 10 топ анықталды
Көкшетау прокуратурасы ВКонтакте мен Instagram әлеуметтік желілерінде суицидті үгіттейтін тағы 10 топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау прокуратурасының өкілдерінің хабарына қарағанда, интернеттегі бақылау барысында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары анықталған. Олар сәйкес сараптамадан өтпеген діни мәндегі материалдарды және суицидті үгіттеген.
"Саралаумен Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылардың еркін кіруіне болатын "ВКонтакте" және "Инстаграм" әлеуметтік желілерінде құрылған 10 топ анықталды", - делінген хабарламада.
Жұмыс қорытындысы бойынша, Көкшетау қалалық сотына ҚР Азаматтық процесстік Кодексінің 48-тарауының тәртібінде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарын заңсыз деп танып, Қазақстан Республикасының территориясында таралуын тоқтату туралы екі арыз түсірілген.
Айта кетейік, осыған дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері жыл басынан бері порнографиялық материалдарды, терроризм мен экстремизм идеясын және суицидді үгіттейтін 26 мыңнан аса топтың жабылғанын хабарлаған еді.