Еңбегімен елге еленген нәзік жан

Еңбегімен елге еленген нәзік жан

Еңбегімен елге еленген нәзік жан
ашық дереккөзі
1619

Шығыс Қазақстан  облысы Ұлан ау­да­нында адал еңбегімен елге еле­ніп, өнегелі істерімен жастарға үлгі бо­лып, қажырлы еңбек еткен жандар бар­шы­лық. Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері де осындай жандардың бірі — жерлесіміз, ау­дандық атқару комитетін басқарған елі­міздегі жалғыз әйел, еңбек ардагері Шәм­ке Ғалиқызы Мұқатаева жайлы болмақ.  

Шәмке Ғалиқызы 1919 жылы 26 жел­тоқ­санда Ұлан ауданының Қызылсу ауы­лында көпбалалы отбасында дүниеге кел­г­ен. Жастық шағы ашаршылық пен сұм со­ғыс жылдарына дөп келді. Осындай қиын заманға қарамастан Бозанбай ауы­лындағы мектеп-интернатты тәмамдады. Мек­теп қабырғасын бітірген соң, ұстаз болуды алдына мақсат қойып, Алматы қаласындағы педучилищені және жыл­дам­датылған мұғалімдер институтын тәмамдаған. Кейін Алматының жоғары пар­тия мектебінде сырттай оқып, Өске­мендегі ауылшаруашылық техникумын аяқтады.

Ұлы Отан соғысы басталғанда 1941 жы­лы алғашқы еңбек жолын мамандығы бойынша Никитинка ауылындағы (қазір Бозанбай) Киров атындағы орта мектептен бастаған. 1943 жылдан партия мүшесі бол­ды. Жүрегі мейірімді нәзік жан онда үнемі қайырымдылық жұмыс­тардың белорта­сында жүріп, қоғамға пайдасы тиді.

1942 жылы өзі арқа сүйеп жүрген аға­сы сұм соғыста қаза болды. Осындай қиын кезде ата-ана­сына қамқор болып, еңбекпен шыңдалған ол диқандармен бірге соқамен жер жыртып, шөп шауып, әртүрлі жұмыс­тар атқарып, жас болса да тылда ерен ер­ліктің таңғажайып үлгісін көрсетті.

1943-1944 жылдары Ұлан ауданында бі­лім бөлімінде инспектор, меңгеруші бо­лып қызмет етті. 1944-1946 жылдар ара­лы­ғын­да Өскемен қаласында облыстық пар­тия комитетінде инструктор болды. Өмірлік серігі Гатьят Салихұлы Ұлан ау­да­нында, Өскемен қаласында қаржы бөлімі бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарған.

Іскерліктің, өзіне тапсырылған істі көңіл­дегідей, тиянақты атқара білуінің, үлкен ұйым­дастырушылық қабілетінің нә­тижесінде Шәмке Ғали­қызы 1951 жы­лы Зайсан аудандық ат­қарушы коми­теттің төрайымы болып тағайын­дала­ды. Онда ауылшаруашылық, сауда, құры­лыс, жол құрылысы салаларына басшы­лық етті.

Жастайынан еңбекке ерте араласып, тір­шілікте тек өзінің адал еңбек, маңдай теріне ғана сүйенген Шәмке Ғалиқызы қыз­мет атқар­ған жылдары өзіне жүктелген қызметтердің қайсысы болса да жауап­кершілікпен қарап, жұ­мысын жоғары дең­гейде атқара білді. Ұжым­дары, әріптес­тері арасында сыйлы, беделді болды. Көпшілікпен тез тіл табысатын ол өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, халықтың өзекті проблемаларын шешу жолдарын қарас­тырып, жүйелі жұмыс атқарды. Ол халқы мен елінің гүлденуіне лайықты үлес қосты. Уақыт өте көздеген арманына жетіп, үлкен құр­метке бөленді.

Шәмке Ғалиқызы «Бақыт дегеніміз – адам­дарға пайдаңды тигізу» деген қағи­даны ұста­нып, өзінің қарапайымдылығы­мен ерекшеле­ніп, адамдарға үнемі қол ұшын созып, көмек көрсетуден жалыққан емес. Өз ісінің маманы ашық-жарқын, бас­таған ісін аяқсыз қалдыр­майтын, жауап­кер­шілігі мол, адамдармен тез тіл табыса білетін, еңбекқор жан болды. Қоғамдық жұмыстарға араласып, халықтың әлеу­мет­тік мәселелерін көтеріп, оның оңды ше­ші­мін шығарғанша тыным таппай атсалы­сып, халықтың алғысына бөленген жан.

Өмірлік серігінен ерте айырылып, 5 ба­ла­сын жалғыз өзі өсіріп жеткізді. Бала­лары да еңбекке ерте араласып, кенже ұлы 11 жасында кол­хозда егін суарушы болып, жас болса да еңбек­тің үлгісін көрсетті.

Аудандар іріленіп, Зайсан мен Тар­бағатай ауданы қосылған кезде төрайымы Шәмке Ғалиқызы болып тағайындалды. Жүйелі жұмы­сының нәтижесінде зайсан­дықтар мен тар­бағатайлықтар жоспарды асырып орындап, аудандардың алдыңғы қатарынан көрінді.

Іскер басшы, білікті маман Зайсан, Ұлан ауданының депутаты болып сай­лан­ған. 1954-1971 жылдары Ұлан ауданы ат­қару­шы комитеті төрағасының орынба­сары, 1959-1971 жылға дейін облыстық ко­митеттің мүшесі, депутат бо­лып, жауа­п­ты қызметтерді абыройлы атқар­ған.

Еліне елеулі еңбек етіп, бақытын ең­бек­тен тапқан нәзік жан Шәмке Ғали­қы­зының еңбегі еш елеусіз қалған емес. Көп жылдар ішінде түрлі марапаттарға ие бол­ды. Атап айтқанда, «Ерен еңбегі үшін», «Гер­манияны жеңгені үшін» медальдары­мен, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Қазақ КСР Жоғары кеңесінің Құр­мет грамотасымен, басшылар тара­пы­нан түрлі алғыс хаттарға, Құрмет грамо­та­ларына, дипломдар мен мадақтама қағаз­дары­мен мара­патталған.

Еңбегімен елінің сүйіктісіне айналған Шәмке Ғалиқызы 88 жасында қайтыс бол­ды. Де­генмен артында өнегелі істері ел ау­зында қалды. Еңбекқор ардагердің өмір жо­лындағы деректеріне көз жібере кел­генде төмендегідей ой түйесің. Қарымы кең, іскерлік қабілеті мол, тығырыққа ті­рел­ген шақтарда жол таба білетін, бола­шақ­ты болжай алатын адамдарда даңғыл жол­ға ұмтылғандай қасиеттер қалыпта­сады екен.

Эльмира АХМЕТОВА

Серіктес жаңалықтары