745
"Ата-енеммен тұрмаймын": Фариза Төреәлі күйеуінің қалауымен ата-енеден бөлек тұрып жатқанын айтты
"Ата-енеммен тұрмаймын": Фариза Төреәлі күйеуінің қалауымен ата-енеден бөлек тұрып жатқанын айтты
Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы бір жыл бұрын тұрмыс құрған болатын. Бүгінде жас спортшының жары атанған ару жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, қазіргі тұрмысы жайлы айтты.
Айтуынша жас келін күйеуінің қалауымен ата-енеден бөлек тұрып жатыр екен.
"Маған жеке өміріме қатысты сұрақтар көп қойылады. Мәселен "ата-енеден бөлек тұрасыздар ма?" деп сұрайды. Ата-енем мен жолдасыммен қарым-қатынасым жайлы сұрайды. Ата-енем өте парасатты кісілер. Жастарға мүмкіндік бергенді жақсы көреді. Бізді бөлек шығарды. Күйеуім қалаған соң бөлек тұрып жатырмыз. Мен жолдасымның қалауын әрқашан қолдаймын. Ата-енем мені қызындай көреді. Енем мені өзіне ұқсатады. Жас кезімде дәл мендей болғанын айтып жүреді", - деді Фариза.
Айтуынша Фариза Төреәлі қазір өзін-өзі жан-жақты дамытып, тұлғалық даму бойынша жұмыс істеп жүр.
"Көркем мінезді болып, күйеуімнің, ата-енемнің көңілін табуға тырысамын. Адам әрдайым өзінің кемшілігін түзеп, өзін дамытуға ұмтылу керек. Разылығын алуға тырысамын. Ата-енем бізді әрқашан қолдайды. Әрбір бастамамызға демеу болады", - деп жазды ол.