"Көз жұмған кісінің аты-жөні ғана жарияланады" Жаназа шығару рәсімдеріне өзгеріс енгізілді

"Көз жұмған кісінің аты-жөні ғана жарияланады" Жаназа шығару рәсімдеріне өзгеріс енгізілді

"Көз жұмған кісінің аты-жөні ғана жарияланады" Жаназа шығару рәсімдеріне өзгеріс енгізілді
ашық дереккөзі
2052

Түркияда коронавирустың тез таралуына байланысты жерлеу және жаназа шығару рәсімдеріне өзгеріс енгізілді. Енді бірқатар провинцияда көз жұмған кісінің аты-жөні ғана жарияланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жаназа шығару орны мен уақытын айтуға тыйым салынды. Сондай-ақ мұндай жиындарға тек ет жақындары ғана қатыса алады. Эпидемологиялық жағдай ушыққан соң, билік осындай қадамға баруға мәжбүр. Түркияда коронавирус қайта өрши түсті. Елдің ішкі аймақтарында қауіпті індетке шалдыққандар көбейіп, бірқатар провинцияда ауру жұқтырғандар саны 50% артты. Елде пандемияның бірінші толқынында екі рет шарықтау шегі тіркелген болатын. Билік бұл жолғы өсім деңгейі алдыңғыларымен салыстырғанда күрделі дейді.

Серіктес жаңалықтары