Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап turkystan.kz сайты хабарлайды.
25 қазандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 2964 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 245 бала бар. Стационарларда 2222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 120 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген министрлік ақпаратында.