260
Тәжікстан президенті жаппай рақымшылық жариялайды
Тәжікстан президенті жаппай рақымшылық жариялайды
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон парламент қарауына жаппай рақымшылық жариялау туралы заң жобасын ұсынды. Ол бойынша 12 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалуы мүмкін.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрмедегі үш мыңнан астам адам бостандыққа шығады, ал шартты жаза немесе үкім алған төрт мыңнан астам адамға толықтай рақымшылық жарияланады.
Бұған қоса бес мың адамның қылмыстық ісі жабылады немесе қысқартылады. Әйелдер, жасөспірімдер, 55 жастан асқан ер кісілер, соғыс және әскери операциялар ардагерлері рақымшылыққа ілігуі мүмкін.
Аса ауыр қылмыстар: кісі өлтіру, терроризм, діни экстремизм және сол сияқты әрекеттермен сотталғандарға рақымшылық жүрмейді.
Рақымшылық Тәжікстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұсынылды. Мереке 9 қыркүйекте апат өтіледі. Депутаттар президент ұсынысын қолдайды делініп отыр.