Риода қайтыс болған неміс бапкері төрт адамға донор болды

Риода қайтыс болған неміс бапкері төрт адамға донор болды

Риода қайтыс болған неміс бапкері төрт адамға донор болды
ашық дереккөзі
425
Рио-де-Жанейрода көлік апатынан қайтыс болған Германия құрамасының ескекші слаломы бойынша бапкері Штефан Хенце төрт адамға донор болды, деп хабарлады РИА Новости.
Неміс командасының бапкері таксиде келе жатқанда ірі жол апатына ұшырап, басынан жарақаттанды. 35 жастағы бапкерге нейрохирургиялық бөлімде операция жасады. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, науқастың өмірін аман сақтап қала алмады. 15 тамызда ол көз жұмды. Рио-де-Жанейро штатының денсаулық сақтау мекемелерінің хабарлауынша, Штефан Хенценің жүрегі, бауыры және екі бүйрегі басқа адамдарға сәтті көшірілді. Хенце - Афиныдағы Олимпиада ойындарының екі адамдық каноэ бойынша күміс жүлдегері.

Серіктес жаңалықтары