Қазақ-түрік лицейлері жұмысын жалғастырады

Қазақ-түрік лицейлері жұмысын жалғастырады

Қазақ-түрік лицейлері жұмысын жалғастырады
ашық дереккөзі
275
Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің мәлімдеуінше, қазақ-түрік лицейлері жұмысын жалғастыра береді.
«Қазақстан президентінің қаулысына сәйкес, білім және ғылым министрлігінің комиссиясы құрылды. Біз түрік тарапымен байланысып отырамыз, бірақ бұның оқу процесіне қатысы болмайды. Қазақстандық бұл [түрік лицейлері] мектептер жергілікті стандарттармен жұмыс істейді. Біз оларды бірнеше мәрте тексердік. Оларға ешқандай сынымыз жоқ, жұмыстарын жалғастырады береді", - деді Сағадиев. 5 тамызда Анкараға сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Түрік дін уағыздаушы Фетхуллах Гүленмен "террорлық байланысы" бар екені дәлелденсе, "Қазақстан қазақ-түрік лицейінде жұмыс істейтін кез келген адамды Түркияға қайтарып береді", - деп мәлімдеген еді. Анкара Гүленді шілдедегі бүлікті ұйымдастырған деп айыптады. Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған Қазақстанда "Гүленмен байланысы бар" 33 мектеп жұмыс істейді деп мәлімдеген еді. Эрдоған Астанадан сол мектерге қатысты шара қолдануын сұраған еді. Қазақстандағы 29 қазақ-түрік лицейін, "Нұр Орда" жекеменшік мектебін, екі колледжді, сондай-ақ Сүлеймен Демирель атындағы Университетті халықаралық KATEV қоры қаржыландырады. Ол 1997 жылы білім саласындағы әріптестік туралы үкіметаралық келісім негізінде құрылған еді.

Серіктес жаңалықтары