Елбасы Н.Назарбаев: "Мораторийді тағы 5 жылға ұзарту туралы ұсынысты қабылдаймын"

Елбасы Н.Назарбаев: "Мораторийді тағы 5 жылға ұзарту туралы ұсынысты қабылдаймын"

Елбасы Н.Назарбаев: "Мораторийді тағы 5 жылға ұзарту туралы ұсынысты қабылдаймын"
ашық дереккөзі
220
Елбасының төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы кеңес өтті. Кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қатысты. Іс-шара барысында Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс қорытындылары талқыланып, жер заңнамасының өзгерістеріне мораторийді 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды. "Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізілген кезден бастап комиссия маңызды жұмыс жүргізді, елдің барлық өңірінде кеңес өткізіп, азаматтардың пікірін тыңдады. Жұмыс барысында олар жақсы ұсыныстар айтты, атап айтқанда, жалға беретін телімдердің шекті көлемін, жерді пайдалану тәсілдері мен оны тиімсіз пайдаланған жағдайда қабылданатын шараларды анықтау туралы ұсыныстар енгізілді. Осылайша, бәрі жерді 49 жылға дейін жалға беру институтын сақтау қажет деген ортақ шешімге келді. Сонымен бірге, әлемдік тәжірибені тағы да зерттеп, қосымша уақыт қажет екені туралы тұрғындарға біліктілікпен түсіндіру керек. Сондықтан Комиссияның мораторийді тағы 5 жылға ұзарту туралы ұсынысын қабылдаймын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Үкіметтің жер заңнамасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған кезде агроөнеркәсіп саласына қаражат тарту мақсатын басшылыққа алғанын атап өтті. "Ауылдық жерлерде халықтың шамамен 40 пайызы тұрып жатыр, 20 пайызы ауылда еңбек етеді. Ауыл шаруашылығын өркендету көптеген салалардың дамуына септігін тигізеді. Ауыл шаруашылығымен айналысатындардың барлығы бұл салаға қолдау көрсету үшін мемлекеттің қандай күш-жігер жұмсағанын жақсы біледі. Жыл сайын аграрлық секторға айтарлықтай қаражат жұмсалады, бірақ ол өзін ақтай бермейді. Нарықтық экономикада олай болмайды. Мұның себебі ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің төмендігінде жатыр, ал оны арттыру үшін қосымша қаражат салу керек. Бүкіл әлем аграрлық секторға инвестиция тарту ісімен айналысуда. Біздің мемлекетіміз де ауыл шаруашылығын дамыту үшін көбірек капитал тартуды қалады. Егер бұл жұмыс түсіндіруден басталып, тек содан соң ғана заңдар қабылданса, онда ахуал басқа болар еді", - деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, кеңесте республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар қарастырылды. "Елдің экономикалық дамуы әлемде болып жатқан үдерістер салдарынан зор қысым көріп отыр. Қазіргі қаржылық-экономикалық дағдарыс, сандық экономиканың жаңа парадигмасына көшу бізден мүлде жаңа қадамдар талап етеді. Біз соны таба білуіміз керек, бұл үшін елде ресурстар жеткілікті", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз баяндамасында Мырзахметов Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған  комиссия Астанада, сондай-ақ бірқатар өңірде жұртшылықтың қатысуымен көшпелі отырыс өткізгенін айтты. "Азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнаулы сайт ашылып, call-орталықтар құрылды, бүгінде оларға 13 мыңнан астам телефон қоңырауы түскен. Түсіндіру жұмыстары барысында жұртшылықты барынша кеңірек қамту үшін әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер іске тартылды, халықтың 67 мың өкілімен кездесу өтті", - деді премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі. Мырзахметов комиссияның негізгі ұсыныстары, соның ішінде ауыл шаруашылығы жерін жалға беру институтын сақтап, одан әрі дамыту, жалға берілетін жер телімдерінің шекті көлемін белгілеу қажеттігі жөнінде де айтты. Сондай-ақ халықтың жайылымдар мен шабындық жерлерге қатысты мүддесі мен талаптарын ескеру керектігі, жеке тұрғын үй салу үшін жер берудің нақты ережелері мен тетіктерін анықтау қажеттігі аталып өтті. Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді. Еске салайық, Жер комиссиясының соңғы отырысында он негізгі ұсыныс айтылған болатын. Солардың бірі мораторийді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту еді. Отырыста премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов егер бұл ұсынысты Президент қабылдаса, комиссияның жұмысы аяқталатынын атап өткен болатын. Т

Серіктес жаңалықтары