28 қараша күні Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, БАӘ, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келіп қонды.
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 1 337 жолаушы ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 244 адам, анықтамасыз – 93 адам келген. Оның бәрі – ҚР азаматтары.
Оның ішінде:
– Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен – 813, анықтамасыз – 7
– Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 448 жолаушы, анықтамамен – 387, анықтамасыз – 61
– Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 69 жолаушы, анықтамамен – 44, анықтамасыз – 25.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантин стационарына орналастырылды және ПТР талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Бүкіл 93 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.