210
Бланк жоқ: Түркістандықтар туу туралы куәлік ала алмай жүр
Бланк жоқ: Түркістандықтар туу туралы куәлік ала алмай жүр
Түркістан облысының тұрғындарына балаларына туу туралы куәлік ала алмай жүр. Құжатты 3 айдан бері күтіп жүргендер бар, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
"5 қазан күні босандым қызымды. Содан шыққаннан кейін метіркеге барсақ қағаздарын берді, бірақ әлі дайын болған жоқ дед3. Үш рет бардым, үшеуінде де хабарласпады. Себебі, әлі келген жоқ өзіміз хабарласамыз дайын емес деді. Мен айттым: "қалай дайын емес жұрттың бәрі алып кетіп жатыр ғой метіркені" дедім. Сырты болғанмен, ішіндегі бланкасы келген жоқ әлі, бланка жоқ деді", - дейді кентау ауданының тұрғыны Гүлмира Төрегелдиева.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары, әдетте туу туралы куәлік 2 күнде әрі кетсе 7 жұмыс күннің ішінде берілетінін айтты. Ал, аймақтың жауаптылары мұны туу көрсеткішінің артуымен байланыстырды.
Ал Әділет министрі Марат Бекетаев: "Бұл бізге ғана байланысты емес. Әкімшіліктерден бізге тапсырыс келеді. Осы тапсырыс бойынша біз Ұлттық банк жанындағы жұмыс істейтін типографияға осындай бланктерге тапсырыс береміз. Осы мәселе бойынша қосымша тапсырыс бердік. Бұл мәселе шешілген", - дейді.