Сенбі оқушылар үшін қосымша білім алу күні болады

Сенбі оқушылар үшін қосымша білім алу күні болады

Сенбі оқушылар үшін қосымша білім алу күні болады
ашық дереккөзі
998
Бес күндік оқу аптасына ауысу барысында сенбі күн  мектеп оқушылары үшін қосымша білім алу күніне айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен дәстүрлі Тамыз педагогикалық кеңесі барысынды Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Рахат Шимашева мәлім етті. «Бес күндік оқу аптасына ауысу барысында сенбі күн  мектеп оқушылары үшін қосымша білім алу күніне  айналуы тиіс. Бұл оқушының мектептен тыс уақытын барынша қамтуға мүмкіндік береді.  Ол үшін оқушылар мен жастар арасында құқықбұзушылық әрекеттердің алдын алу бойынша ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс атқару керек», - деді Р. Шимашева. Сонымен қатар, оның айтуынша, үйірмелер мен спорт секциялары  бойынша да жұмыстарды күшейту қажет.«Бүгінгі таңда білім сапасын арттыру мақсатында инклюзивті білім беруге көп көңіл бөлінеді», - деді Р. Шимашева.

Серіктес жаңалықтары