211
Алматыда балабақшаға кезек саны 10 мыңнан асты
Алматыда балабақшаға кезек саны 10 мыңнан асты
Алматы әкімі Бауыржан Байбек дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі барысында қаладағы балабақшаларға кезекке тұрғызылған балалар санының 10 мыңнан асқандығын мәлімдеді.
«Алматыда қазір мынадай үрдіс байқалуда. Бала бақшаларға биыл 6,5 мыңнан астам бала қабылданды. Дейтұрғанмен, соңғы уақытта балабақшаларға кезекке тұрғызылған балалардың саны 10 мыңнан асты. Неге десеңіздер, адамдар бұған дейін балаларын балабақшаға орналастыруға қол жеткізуге болатындығына сенбейтін. Содан да кезекке тұрмайтын. Мінеки, енді балабақшалар көбейген сайын, жаңа отбасылар да көптеп құрылатын болады», - деді әкім. Сонымен қатар, ол қалада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жүйесінің дамып жатқандығын баса айтты.
"Қаладағы үлкен коттедждерде балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Мұның барлығы бала бақшалардағы орын тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.