Александр Корешков: «Барыс» пен Қазақстан құрамасы бірлесіп тер төгеді!
Александр Корешков: «Барыс» пен Қазақстан құрамасы бірлесіп тер төгеді!
Жақында «Барыс» хоккей клубының президенті болып Александр Корешков тағайындалды. Ол Қазақстанда ғана емес, шетелге де танымал әрі беделді тұлға. Александр қатысқан Қазақстан командасы Қазақстан, Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, Еуролиганың жеңімпазы, Еуропа суперкубогінің иегері атанды. Александар Корешков Қазақстанның құрама командасының сапында әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына да қатысты. Соңғы жылдары қазақстандық хоккей федерациясында отандық командаларды халықаралық жарыстарға қатысуға әзірледі. Қазақстанның ересектер мен жасөспірімдер құрама командаларының бас менеджері болып табылады.
- Александр Геннадьевич, Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймын! «Барыс» хоккей клубының президенті болып тағайындалғасын өзіңізді қалай сезінесіз?
- Бұл бай дәстүрі бар клубты басқару аса зор жауапкершілік жүктейді. Бұл әрине «Барыс» командасы ғана емес, «Қар барысы», «Номад», «Томирис» қыздар командасы және балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі бар. Яғни, Қазақстанның барлық жастағы ойыншыларын құрама командаға даярлайтын хоккей организмі деп атауға болады. Мен Қамқоршылар кеңесіне осындай сенім білдіргені үшін алғысымды білдіріп, олардың сенімін ақтауға бар күшімді саламын.
- Сіздің алдыңызға клубты дамыту жөнінде нақты тапсырма берілді ме, әлде, барлық командалардың құрамы анықталып, оған кіретін ойыншылар жасақталған соң белгілі бола ма?
- Сіз дұрыс айтасыз. Әзірге «Барыс» туралы нақты тапсырма болған жоқ. Бастысы, кез- келген жетекші секілді мен де алдымен клубтың ішіндегі дау-дамайды болдырмай, олардың дайындығына қолайлы ахуал орнатуым керек. Біз барлығымыз бір механизм ретінде нәтижеге жұмыс істеуіміз қажет.Қазір қараңыз, хоккейшілерге барлық жайлы жағдайлар жасалған. Біз ойыншылардың осындай тұрмыстық жағдайы туралы армандаған болатынбыз. Қазір, еліміздің басшысының оң көзқарасына байланысты хоккейге қызығушылық артып, хоккей спорты жақсы дамып келеді.
Қазақстанда хоккей барлық өңірлерде дамып келеді. Хоккей модульдары мен сарайлары салынуда. Астана жаңа аренасы 12 мың адамды қабылдай алады. Барлық дәрежедегі халықаралық жарыстарды қажет болса, Олимпиадалық ойындарды да өткізуге қабілетті. Бастысы, шайбалы хоккей федерациясының күшімен клубтарға көпшіліктің қызығушылығы өз жемісін бере бастады.
- «Барыс» тәртібімен Қазақстанның құрама командасы сақтала ма?
- Сөз жоқ. Басқаша болуы мүмкін емес. «Барыс» пен Қазақстан құрама командасы ажырамайтын біртұтас организм. Бізге қазір басқаша жол жоқ. Бізге ұлттық команданың хоккейшілері жоғары дәрежелі тәжірибе жинақтағаны керек. Бұған халықаралық хоккей клубы дәл келіп тұр.
- Сіздің Қазақстанның құрама командасының бас менеджері міндетіңіз сол күйінде қалды ма?
- Жоқ, мен ол міндетімді де атқарамын.Алдағы әлем чемпионатына дайындық біраздан бері жүріп жатыр. Сәуірдің төртінен бастап хоккейшілер оқу жаттығуларына кіріседі. Қазір біздің алдымызда барынша оңтайлы әрі кеңейтілген құрам жинау тапсырмасы тұр. Бапкерлер штабы кімдердің қалып, кімдердің өтетіндігін таңдай алатын мүмкіндігі болуы керек. Біздің жоспарымызша, «Барыс» хоккейшілерінен басқа, бізге Өскеменнен бес адам, Павлодардан төрт ойыншы, Қарағандыдан бес, Рудныйдан бір ойыншы қосылатын түрі бар.
- Соңғы кездері баспасөзде «Барыспен» жаңа келісімдердің жасалмауына байланысты барлық қазақстандық хоккейшілер құрама команда қатарында бара алмайды деген қауесет тарады. Бұл жөнінде не дейсіз?
- Қандай жағдай болғанын қараңыз. Жігіттердің келісімі сәуірдің 30-ына дейін жарамды. Сондықтан да, «Барыс» алдымен Қазақстанның құрама командасына кіретін ойыншылардың жайын қарайды. Осыған байланысты, мен қазақстандық ойыншылармен келісімді әлем чемпионатынан кейін жасау керек деген пікірді ұстанамын. Ол сәуірдің 25-інде аяқталады. Оның сыртында, әр ойыншы еліміздің хоккей командасының құрасында ойнағанды үлкен дәреже деп санап, саудаласпауы тиіс.
- Бірінші басшының ауысуына байланысты клубта түбегейлі өзгерістер бола ма?
- Түбегейлі өзгерістер болмайды. Бүгін мен ең алдымен «Барыс» клубының ұжымымен танысамын. Кім әрі қарай жұмыс жасағысы келсе, соны анықтаймын. Маған клубтың жұмысын барынша нәтижелі етіп ұйымдастыру мен коммерциялық мүмкіндігін көтеру тапсырылды. Оған қоса жаңа маусымда клуб 12 мың адамдық мұз айдынында ойын көрсетеді.
- «Барыс» клубының негізгі командасы жайына қайта оралалық. Ойыншылардың көпшілігінің келісімі сәуірдің 30-ында күшін жояды. Осыған байланысты, кімдер қалып, кімдер шығатыны белгілі болды ма?
- Маған жағдайды біліп алуым үшін, аздаған уақыт керек. Мен кімдермен келісім мерзімі аяқталатынын білемін. Маған ол жігіттермен ақылдасып, әрбір үміткер туралы бапкерлер штабының пікірін біліп, қамқорлық кеңесімен келісіп, сосын шешім қабылдаймыз. Менің ойымша, Қазақстан құрама командасы сапында табысты ойын үлгісін көрсету негізгі көрсеткіш болып табылады.
- Қазақстанның құрама командасына кірмейтін екі хоккейшінің жайына жанкүйерлер алаңдайды. Олар Найджел Доус и Ян Лацо. Бұл екеуі туралы не айта аласыз?
- Тағы да қайталап айтамын, маған барлық жұмысты қабылдап алуға уақыт керек. Әзірге бұл мәселенің басы ашық. Тағы да қайталап айтамын, барлығы менің ғана пікіріме байланысты емес. Ғаламдық, ұлттық спорттық жоба ретінде «Барыс» туралы шешім алқалы түрде, ашық шешілуі тиіс. Бапкерлік штабтың пікірі ескеріледі. Қамқорлық кеңесінің отырысы өткізіледі. Содан кейін барып әрбір ойыншы жөнінде шешім шығарылады.
- Сіз таяу арада Қазақстанның құрама командасы аясында бас менеджер ретінде ұлттық команданың бас бапкері Андрей Назаровпен бірге жұмыс жасайсыз. Ол туралы пікіріңіз қандай?
- Андрей Назаров өте тәжірибелі маман. Оның хоккейдегі өмірбаяны бай әрі қызықты. Ұлттық құрама командада көп ойнады. Бапкерлік тәжірибесі де жоғары. Ресей құрама командасының штабында да болды. Клубтық деңгейдегі жұмыс нәтижесі жемісті. Менің ойымша, Андрей Назаровпен Қазақстанның құрама командасында ғана емес, «Барыста» да біргеміз. Тағы да қайталаймын: «Барыс»пен Қазақстанның құрама командасының ара жігі ашылмайды. Біз барлығымыз табанды түрде нәтижеге жету үшін тер төгеміз. Бұған қазақстандық жас ойыншыларды белсенді түрде тарту қажет.
- Жанкүйерлер Қазақстан құрамасын жас ойыншылармен толықтыру туралы көп айтады. Осы туралы пікіріңіз?
- Қазақстанның құрама командасы өте жоғары меже қойып отыр. Қандай матч болса да, басты мақсат - тек жеңіске жету. Команданы жастармен толықтыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Қазірдің өзінде бізде жасөспсірімдер мен жастар, студенттер арасында жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүргендер баршылық. Бізде резерв бар. Оны толықтыра түсу керек.
Ескендір Ертаев