Үміткерлерден пойыз қатынасын жандардыруға қолғабыс ету сұралды

Үміткерлерден пойыз қатынасын жандардыруға қолғабыс ету сұралды

Үміткерлерден пойыз қатынасын жандардыруға қолғабыс ету сұралды
ашық дереккөзі
535
Бөкей ордасы ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы қарқын алды. Аудандық мәслихатқа үміткерлер Лариса Қайырғалиева мен Бибігүл Жұмағұлова сайлаушылармен кездесіп, алдағы саяси науқанның маңызын түсіндіріп, ел үшін елеулі сайлаудан қалыс қалмай, дұрыс таңдау жасауға шақырды. «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындары Бердібек Өтешқалиев, Мария Хайрушева, Мұтиғолла Әбілов, Мұхсина Даришева, Гүлсім Мырзағалиевалардың үйлеріне барып, насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер «Nur Otan» партиясы бағдарламасы аясында атқарылған істер мен жоспарланған міндеттер, жеті басым бағыт турасында баяндады. – Қазіргі жағдайымызға шүкіршілік қылуымыз керек деп ойлаймын. Қанағат керек. Бұдан да жаман кезіміз болған. Талай дағдарысты да бастан кештік. Барымыз баянды болсын, бастысы, ел аман, әр күніміз тыныш болсын деймін. Сайлауға барып, дұрыс таңдау жасау азаматтық міндетіміз, қоғамдық борышымыз, – деді Гүлсім Мырзағалиева. Кездесу барысында аға буын өкілдері пойыз қатынасын жандандыруды, аудандық ауруханаға жас мамандарды көптеп тартуды, М-С.Бабажанов атындағы мектеп айналасын жарықтандыруды, Сайқын ішілік көшелердің жолдарын жөндеу жалғасты болуын, облыс орталығына қатынайтын күре жолдың барынша қарқынды, сапалы жөнделуін назарда ұстауды, бұралқы иттерді жоюды және басқа да ағымдағы мәселелерді үміткер назарына ұсынды. Аудандық мәслихатқа үміткер Бибігүл Жұмағұлованың сапары Мұратсай ауылдық округінде жалғасын тапты. Мұратсайлық азаматтар шағын орта бизнесті қолдау шаралары жалғасын таба берсе, тоған суы мен абаттандыру, жайылым жайы мен басқа да мәселелерді көтеріп, оңтайлы шешімін табуға ат салысуын сұрады.

Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы. «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Серіктес жаңалықтары