387
ҚР Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын ЖОО-лар туралы жарлыққа толықтыру енгізілді
ҚР Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын ЖОО-лар туралы жарлыққа толықтыру енгізілді
«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлыққа толықтыру енгізілді.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«10. Қазақ ұлттық хореография академиясы».
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.