ҚР БҒМ бірқатар ЖОО ректоры лауазымына конкурс жариялады

ҚР БҒМ бірқатар ЖОО ректоры лауазымына конкурс жариялады

ҚР БҒМ бірқатар ЖОО ректоры лауазымына конкурс жариялады
ашық дереккөзі
209
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Павлодар және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттарының ректорлары лауазымдарына конкурс жариялады, деп хабарлады www.24.kz. ЖОО-ларда корпоративтік басқарудың толыққанды қағидаттарын ендіру және бұл мәселені талқылауға жұртшылықты кеңінен тарту жұмысы аясында білім ордаларының ректорларын сайлау жөніндегі ашық конкурс алғашқы рет өткізілмек. ЖОО ректорлығына үміткерлерді іріктеу және тағайындау тәртібі «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ережелердің 4-1 тарауына сәйкес жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде, сондай-ақ www.edu.gov.kz ҚР БҒМ сайтында әрбір ЖОО бойынша бөлек-бөлек жарияланған күннен бастап 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн бойы қабылданады. Конкурсқа қатысушы үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары білім, басқару лауазымдарындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Конкурсқа қатысушы тиісті құжаттармен бірге оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби біліктілігінің деңгейін растайтын құжаттар (біліктілігін арттырудан өткендігі, ғылыми дәреже мен атақ алу жөніндегі құжаттардың көшірмелері,  сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме хат ж.с.с.) ұсынуы тиіс. Үміткерлер белгіленген құжаттардан бөлек ЖОО-ның дамыту бағдарламасын ұсынулары шарт. Оларды ЖОО-ның Бақылау кеңесі 25 күнге дейінгі мерзім ішінде қарастырады. Осы уақытта жұртшылықпен талқылау мақсатында ЖОО-ның дамыту бағдарламалары жергілікті аймақтық БАҚ-да және білім ордаларының ақпараттық стендтерінде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары