Мәжіліс депутаты айыппұлды азайтуды ұсынады

Мәжіліс депутаты айыппұлды азайтуды ұсынады

Мәжіліс депутаты айыппұлды азайтуды ұсынады
ашық дереккөзі
195
Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев жол ережелерін бұзуға байланысты кейбір жауапкершіліктерді жеңілдетіп, айыппұлды төмендетуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі жұмыс тобында «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды. Аталған заң жобасына бірқатар депутаттар бастамашылық жасаған болатын. «Мемлекет басшысы бұқара халықтың көңілі толмайтын заңдарды нақтылап, әрі тиянақты етіп қайта қарау туралы мәселе қойған болатын. Бұл заң жобасы да жүргізушілер, автоәуесқойлар тарапынан үлкен сынға ұшырады, теріс әсер тудырып жүргені шындық», - дейді заң жобасына бастамашылық жасаған депутаттың бірі Мұхтар Тінікеев. Оның сөзіне қарағанда, Бас прокуратураның өзі қазіргі қолданыстағы «Жол жүрісі туралы» заң нормаларына қатысты теріс әлеуметтік салдарға соқтыратын үш фактіні атаған. «Бірінші кезекте, күрделі экономикалық ахуал жағдайында халықтың табысына кері әсер етеді. Прокуратура мәліметтеріне қарағанда, соңғы 15 жылда осы саладағы айыппұлдар көрсеткіші 25 есеге артқан, ал халықтың табысы 7 есеге ғана көтерілді», - деді Мұхтар Тінікеев. Оның айтуныша, жол-патруль қызметкерлері салған айыппұлдың басым бөлігі өндірілмейді. Осы мәселелерді ескере келе депутат бірқатар нормаларды жеңілдетуді ұсынады. Атап айтқанда, ластанып, дұрыс көрінбейтін нөмір белгілерімен жүрген көлік иелеріне салынатын айыппұлды алып тастау немесе төмендету ұсынылды. Өйткені, депутаттың айтуынша, Қазақстандағы елді мекендердің басым бөлігінде автокөліктің нөмір белгілері жиі былғанады, ал бұл көлік жүргізушісінің кінәсінен де емес. Бұдан бөлек, депутат қауіпсіздік белбеулерін тақпағаны үшін де жауапкершілікті жеңілдету қажеттігін айтып отыр. Сонымен қатар, М. Тінікеев қалалық жерлерде жүргенде көліктің фараларын жағуға міндетті емес дегенді алға тартып, оны тек қала сыртындағы автожолдарда міндеттеу керектігін ұсынады.

Серіктес жаңалықтары