4 жастағы қызға сексуалдық озбырлық көрсеткені үшін тәтесі түрмеге қамалды

4 жастағы қызға сексуалдық озбырлық көрсеткені үшін тәтесі түрмеге қамалды

4 жастағы қызға сексуалдық озбырлық көрсеткені үшін тәтесі түрмеге қамалды
ашық дереккөзі
451
Душанбе қаласының Сино аудандық соты Турсунзаде қаласының 25 жастағы тұрғынын төрт жастағы қызға сексуалдық озбырлық жасағаны үшін 11,5 жылға соттады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Сот мәліметі бойынша, Одина Хайдарова қызға осындай қорлық көрсету арқылы оның анасы — өзінің бұрынғы келінінен кек алмақ болған. Алайда бұған дейін Хайдарова өзіне тағылған айыптарды "жала" деп атап, "бұрынғы келінінің кек қайтару үшін істегені" деген болатын. Бас прокуратураның хабарлауынша, сот үкімі 8 қаңтарда шыққан. Бүлдіршінге зәбір көрсеткен әйел жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек. "2020 жылғы 1 тамызда үйде ешкім жоғын пайдаланған ол М. ұйықтап жатқан бөлмеге кіріп, қыздың жыныстық мүшесіне сәбіз тыққан, сөйтіп оның мүшесін қатты жарақаттаған", - делінген Бас прокуратура хабарламасында. Сотталушы мен оның адвокатынан үкімге қатысты пікір алу мүмкін болмады. Олардың сот үкіміне шағым түсірер-түсірмесі әзірге белгісіз. Тәжікстанда кісі зорлау қылмысы үшін 12 жылдан 25 жылға дейін соттайды немесе өмір бойына бас бостандығынан айырады.

Серіктес жаңалықтары