Түркістан маңындағы ескерткіштердің ашылмаған құпиясы

Түркістан маңындағы ескерткіштердің ашылмаған құпиясы

Түркістан маңындағы ескерткіштердің ашылмаған құпиясы
ашық дереккөзі
1810
«Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой», – деп Мағжан ақын жырлаған Түркістан табиғатының сыры да сыйы да мол. Түркістан қаласын түркі халықтары екінші Мекке санайды. 2019 жылы Түркістан облысы болып қайта құрылған оңтүстік өңірде тарихи-мәдени мұралар өте көп. Тарихы тереңге жайылған мекеннің туристерді тартатын тұмса табиғаты мен көпшілікті қызықтыратын ескерткіштері жетерлік. [caption id="attachment_139240" align="alignnone" width="1024"] width= Арыстан баб кесенесі[/caption] «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз көпшілікке таныс болар. Оңтүстіктегі туристік маңызы зор орынға келушілердің аяғы жыл он екі ай бойы үзілген емес. Кесене негізінен XIV-XV салынған құрылысқа жатады. Қ.А.Ясауидың рухани ұстазы болған Арыстан бабтың зиратына салынған. Аңыз бойынша, Арыстан баб дүние салғаннан кейін оның денесін ақ бураға артқан да, еркіне жіберген екен. Ақ бура ұзақ жол жүріп, барып шөккен жерге Арыстан баб жерленіп, кесене тұрғызылған. Дегенмен, кейіннен жер сілкінісі салдарынан бұзылып, кейіннен XX ғасырда қайта тұрғызылған. Бүгінде оңтүстікке келетін барша туристің ең бірінші болып табан тірейтін киелі жеріне айналған. Сәулет өнерінің тамаша ескерткіштерінің бірі болып саналатын кесене мешіт, құжырахана, дәлізхана, азан шақыратын мұнара секілді әртүрлі жеке бөлмелерден тұрады. [caption id="attachment_139242" align="alignnone" width="1024"] width= Қожа Ахмет Ясауи кесенесі[/caption] Түркістан десе еске түсетін негізгі орын – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Көне түркі ақыны, бүкіл Шығыс жұртына аты мәлім Қожа Ахмет Ясауидың бейіті басына салынған ғимарат бертін келе адамдардың зиярат ететін орнына айналды. Бүгінге дейін сәнін жоғалтпаған, сәулетін сақтаған кесенеге келушілердің саны ешқашан толастаған емес. Аты әйгілі Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кесенеге діни ғұламалар, хан-сұлтандар жерленген. Кесене үлкенді-кішілі 35 бөлмеден тұрады. [caption id="attachment_139243" align="alignnone" width="946"] width= Ақмешіт үңгірі[/caption] Қаратау сілемдерінің бөктерінде орналасқан әйгілі Ақмешіт үңгірі де аңызға айналған орындардың бірі. Аңыз бойынша бұл жер кезінде жерасты мешіті болған көрінеді. Жердің астында орналасқандықтан есіктері жабылып, адамдар кіре алмай қалған көрінеді. Уақыт өте келе үңгірдің бір жағы опырылып, жаңа жол пайда болған. Тарихы терең үңгір туралы аңыз көп. Бір нұсқасында жоңғар шапқыншылығы кезінде әйел адамдар мен балалар осы үңгірге келіп бас сауғалағаны айтылады. Үңгірге 10 000 әскер еркін сыйып кеткен деген дерек те айтылады. [caption id="attachment_139246" align="alignnone" width="693"] width= Нұқ пайғамбардың кемесі[/caption] «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған?»... Бұл кеме туралы, осы орын туралы көпшілік жақсы білсе керек. Киелі Қазығұрт тауында кезінде жер бетін түгел су басқанда Нұқ пайғамбардың кемесі келіп тұрақтаған деседі. Үлкен тау болмаса да, бетін су баспаған орынның сыры көпшілікке әлі күнге жұмбақ. Жалпы, Қазығұрт жері сырын ашпаған, ғажайыпқа тұнған киелі өлке болып саналады. Түркістан қаласынан бар-жоғы 60 шақырымдай жерде орналасқан тағы бір жұмбағы көп орынның бірі – Үкаш ата кесенесі. Аңыз бойынша Үкаш сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген көрінеді. Біздің даламызға алғаш Ислам дінін әкелген деген деректер бар. Кесененің жанында құдық орналасқан. Бір қызығы, бұл құдық шелегін тастаған адамдарға су береді. Кей адамдардың шелегін қанша тастаса да, бос қайтаратын көрінеді. Бұл осы адамның ниеті мен пейілі, жасаған күнәларына байланысты болады деп жатады. [caption id="attachment_139247" align="alignnone" width="686"] width= Үкаш ата кесенесі[/caption] Түркістан жерінде осы мәдени орындар өте көп. Әрбірінің астарына үңілсең, терең тарих пен сыр жатыр. Рухани тұрғыда дамып, таным деңгейін арттырам деген жандар оңтүстікке келіп, жаңа біліммен сусындап қайтуына болады.

Омар Қызғалдақ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саясаттану және журналистика факультетінің 4-курс студенті

Серіктес жаңалықтары