Қар ерісе, қарбалас басталады

Қар ерісе, қарбалас басталады

Қар ерісе, қарбалас басталады
ашық дереккөзі
574
Еріген қар мен жауын-шашыннан сай-саласы көлкіген суға толатын ел­ді мекендердің халқы үшін көк­тем­нің келуі қуаныштан бұрын қауіп бо­лып тұр. Бұл мәселе еліміздің біраз аймағында бар. Көбінесе бюджет қаражаты су тасқынының алдын алуға емес, салдарымен күресуге жұмсалатыны жа­сы­рын емес.  width=

300-ге жуық елді мекенді су басуы мүмкін

Биыл 300-ге жуық елді мекенді су алуы мүмкін. Осыған байланысты қазірдің өзінде су басу қаупі бар аймақтардың тұрғындары үшін 3 000 уақытша баспана пункттері дайындалыпты. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысында ТЖМ-ге көктемгі су тасқыны мен өрт қаупі маусымына дайындықты бастауды тапсырды және бұған дейін атқарылған жұмыстар туралы да айтып өтті.
– 2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупін төмендету жө­нін­дегі жаңа жол картасын әзірлеу қа­жет деп санаймыз. Жалпы соңғы 3 жыл­да бағдарламалар аясында 515 шақырым қорғаныс бөгеті са­лы­нып, 500 шақырымнан астам қор­­­ғаныс құрылғылары жөнделді. Су тасу қаупі бар өзендердің 530 ша­­­қырымнан астам арнасында тү­бін тереңдету, жағалауларын ны­ғай­ту жұмыстары жүргізілді», – деді ол Сенат Төрағасының орынбасары Ас­қар Шәкіровтің төрағалығымен өт­кен Үкімет сағатында.
Роман Скляр бұл шаралар 458 ел­ді мекенді су басу қаупін жойып, 284 елді мекенге төнетін қатер дең­гейін төмендеткенін алға тартты. Деген­мен, ауа райына байланысты су басу қаупі өте жоғары әлі де 309 елді мекен қалып отыр.
– Маусымдық су тасқынымен күре­су үшін республикалық, соны­мен қатар жергілікті деңгейдегі аза­маттық қорғанысты басқару ор­гандары төтенше жағдайларға ар­налған жедел басқару және әре­кет ету жүйесін әзірлеп, елді ме­кен­ді, нысандар мен аумақтарды ин­же­нер­лік қорғауды қамтамасыз етуі тиіс, – деді министр.

Қандай шаралар атқарылып жатыр?

– Су тасқыны қаупінің артуына байланысты Төтенше жағдайлар ми­нистрлігі, Ішкі істер министрлігі жә­не жергілікті атқарушы органдар бі­ріктірілді. Бұл дегеніміз – 10 мың­нан астам қызметкер, 1 880 арнайы те­х­ника, 22 тікұшақ, 308 жүзу құра­лы және бір мыңға жуық мотопом-па, – деп мәлімдеді Төтенше жағ­дай­­лар министрлігінің бірінші ви­це-министрі Ибрагим Күлшімбаев.
Экология, геология және табиғи ре­сурстар министрлігі Су ресурс­тары комитетінің «Қазсушар» шаруа­шылық жүргізу құқығындағы рес­публикалық мемлекеттік кәсіп­орны да 2021 жылғы су тасқыны ке­­зеңіне дайындық бойынша жос­пар­лы жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Кәсіпорынның басты қыз­меті – республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін қа­дағалау, пайдалану, сондай-ақ мем­лекет меншігіндегі су шаруа­шы­лығы жүйелері мен құрылыс­тары­ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытта нақты қандай шаралар қа­бы­лданып жатқаны туралы «Қаз­сушардың» Бас директорының орын­басары Ерлан Сәдуақасов та мә­лімдеме жасаған. Оның айтуынша, су тасқыны қау­пінің алдын алу үшін кәсіпорын өт­кен жылдың күзінен бастап су қой­маларында бос орын дайындап, қар­қынды жұмыс жүргізіп жатыр.
– Біз бұл бағытта 2020 жылдың кү­зінен бастап жұмыс істеп келеміз. Сондай-ақ, бассейндік инс­пек­ция­лармен, Төтенше жағдай өкіл­дері­мен және әкімдіктермен бірлесіп гид­ротехникалық құрылыстарға тек­серу жүргіздік. Құрылыс және бас­қа да инертті материалдардың, қап­тардың қажетті қорлары дайын­далды, тиісті арнайы техника бар, – деп мәлімдеді Ерлан Сәдуақасов.
Республика меншігіндегі 4 953 су шаруашылығы және гидроме­лио­ративтік объектілер осы «Қазсушар­дың» бақылауында екен. Тарқатып айтар болсақ, оған 86 су қоймасы, 84 су торабы, 36 бөгет, 103 сорғы стан­циясы, 46 бас құрылыс, 3 298 ка­нал және басқа да су шаруа­шы­лығы объектілері кіреді.
– Су қоймалары бекітілген кес­теге сәйкес жұмыс істейді және көк­темгі тасқын суын  қабылдауға ар­налған қоры бар. Егер болжаған­нан да қатты топан су қатері төнген жағдайда олар транзиттік режимде жұ­мыс істейтін болады, – дейді Ер­лан Сәдуақасов – Ақпан айында Қазгидромет ыл­ғал қорының көлемі мен топы­рақ­тың қату тереңдігі туралы ақпа­ратты ұсынады. Бұл көктемгі су тас­қыны қаупі бар аймақтарды анық­тайды. Сондай-ақ, олардың мә­ліметтері негізінде біз су қой­маларының жұмыс режимін тү­зетеміз. Бұл қауіпті гидрологиялық құ­былыстарды дер кезінде анықтау, гид­ротехникалық құрылыстардың жағ­дайын бақылау үшін жасалады», – деп түйіндеді Қазсушар бас­шы­сының орынбасары.
1 ақпан күні «Казгидромет» ал­дын ала консультативті-гид­ро­ло­гиялық болжамын жариялап, су тас­қыны қаупі төніп тұрған ай­мақ­тарды атап өткен болатын. Си­ноп­тик мамандар жоғары температура сақ­талып, жауын-шашын жиілесе, елі­міздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс жә­не шығыс аймақтарының тау өзен­дерінде су тасқыны болуы мүм­кін екенін хабарлады. Биыл елімізде қар қалың түскен жоқ. Бірақ төмен температураның әсе­рінен топырақ бір жарым метрге дейін тоң болып қатып қалған. Күн­нің күрт жылынуы қарды ерітсе де, көпке дейін жердің тоңы жіби қой­майды. Қар суының жерге сіңбеуі осы­дан деп түсіндіреді мамандар. Жоғарыдағы мәлімдемелер мен есеп­терге қарасақ, жұмыс расымен жүйе­лі атқарылып жатқан сияқты. Бі­рақ, көктем сайын «су басты» де­ген жаңалықтан көз сүрініп, тіпті елді мекен тұрмақ, қалалардың өзі қар суына ие бола алмай қалаты­ны­мыз  тағы бар. Басқа өңірлерді айт­па­ғанда, көктем сайын елорда ірге­сіндегі елді мекендер де еріген қар­дың суынан зардап шегеді. Қала ішінде қардан келетін қауіп жоқ десе де болады, себебі 2015 жылдың соңы­нан бастап елордада әлемде кеңі­нен қолданылатын қар еріту тех­нологиясы қолданысқа ене бас­таған болатын, Бірақ жаңбыр суы­ның проблемасы әр жаз сайын күн тәртібінен түскен емес.

Әлем су тасқынымен қалай күреседі?

Су тасқыны Шығыс Еуропада Ду­най мен Эльба сияқты үлкен өзен­дерді жағалай қоныстанған ел­дерде жиі болады. Америка Құра­ма штаттарында да тропи­ка­лық дауыл­дар топан суға ұласып жата­ды. Оның алдын алу, бөгеу мүмкін емес. Мұндай жағдайда тұрғын­дар­ды эвакуациялаудан басқа амал қал­майды. Су басу қаупі жоғары елдер қа­та­рын­да Германия, Чехия, Венгрия, Польша бар. Еуропада су апатынан сақ­тайтын негізгі қорғаныс – бө­гет­тер мен су қоймалары екен. Су тас­қы­ны­ның алдын алу үшін өзендерді тереңдету тәсілі де қолданылады. Жалпы қазір елімізде 309 су қой­масы бар, оның 83-і мем­ле­кет­тікі, 191-і коммуналдық, 35-і жеке мен­шікте екен. 31 су қоймасының құрылысы жүріп жатыр. Жыл ба­сын­да тағы да бірқатар су қоймасын салу туралы тапсырма берілген бо­ла­тын. Су қоймалары Австралиядан бас­қа бүкіл дүниежүзінде бар. Бірақ, соң­ғы уақытта Америка Құрама Штат­тары су қоймаларын, кері­сін­ше бұзып жатқан көрінеді. Себебі 2017 жылы Калифорнияның 200 мың­ға жуық тұрғыны Оровилл қа­ла­сындағы Америкадағы ең биік бө­геттің бұзылу қаупіне байла­ныс­ты жаппай эвакуацияланған бо­ла­тын. Осы сияқты апаттық жағдай­дағы су қоймалардың қауіп төндіруі жиілеп кеткен екен. Мысалды алыс­тан іздемей-ақ, былтырғы «Сардоба» су қоймасында болған оқыс жағ­дайды да айтуға болады. Яғни су қой­маларының  пайдасымен қоса, қауіп­ті тұстары да бар. Осы ретте су қой­маларының құрылысы қан­ша­лықты сапалы болады, құзырлы органдар оны тікелей бақылауға ала ма деген сұрақ туындайтыны анық.

Серіктес жаңалықтары