3238
Қытай: Халықтың табиғи өсімі күрт төмендеді
Қытай: Халықтың табиғи өсімі күрт төмендеді
Қытайдағы бала туу деңгейі қүрт төмендеген. Жақында жүргізілген қоғамдық қауіпсіздік органдарының есебі 2020 жылы елде жаңа туған нәрестелер 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ға төмен болғанын көрсетті.
Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі жанындағы зерттеу орталығы жариялаған есепке сәйкес, өткен жылы қоғамдық қауіпсіздік органдары тіркеген нәрестелер саны 10,03 миллион болды. Global Times мәліметтері бойынша, 2019 жылы бұл көрсеткіш 11,79 миллион болған.
Қытайда жаңа туған нәрестелер саны тұрақты түрде азайып келеді. 2016 жылдан кейін nbs жариялаған мәліметтерге сәйкес, туу көрсеткіші едәуір төмендеген: 2017 жылы 17,23 миллион, 2018 жылы 15,23 миллион және 2019 жылы 14,65 миллион бала дүниеге келген екен.