219
Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге "қашып кеткенін" түсіндірді
Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге "қашып кеткенін" түсіндірді
Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады.
Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың бірінде ойнап, тіпті гол соқты. Содан кейін ол заттарын жинап, командадан кетіп қалды. Мұның себебін ол былайша түсіндірді.
Мен ҚПЛ-ға келдім, жолдастық ойыннан кейін "Тұранның" бапкеріне бардым, сөйлестік, мен Ресейге оралатынымды айттым. Яғни, мен клубтан қашып кетпедім. "Тұранмен" ешқандай келісімшарт жасаспадық.22 жастағы Насыров - Орынбор облысынан келген этникалық қазақ, оның футболдағы мансабы Новотроицктік "Ностеден" басталған. Өткен маусымда ол "Орынбордың" негізгі қорғаушысы болды, жақында ҚПЛ-ға ауысып, Түркістандық "Тұран" сапында доп тебеді деген жаңалық шыққан еді.