297
Коронавирустан айыққандар да екпе салдыруы керек пе – ДСМ жауап берді
Коронавирустан айыққандар да екпе салдыруы керек пе – ДСМ жауап берді
Коронавируспен ауырып, айыққандар да індетке қарсы вакцина салдыруы керек пе? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жауап берді.
«Жұқпадан кейін ағзада қалыптасатын иммунитет тұрақсыз және аз уақытқа ғана жеткілікті екендігін отандық, сонымен қатар әлем елдерінің де ғалымдары тұжырымдап отыр. Сондықтан 18-ден 65 жасқа дейінгі азаматтар өзінің қызметіне байланысты, яғни медицина қызметкері, педагог сынды коронавирусқа қарсы вакцина алу санатына жататын маман болса, онда олар коронавируспен аурып, емделсе де вакцина алғаны дұрыс. Өйткені, олар вакцинациядан кейін ағзада пайда болатын иммунитет арқылы денсаулығын қорғай алады», - деді ол.
Айта кетейік, бұдан бұрын әлемде екпе алғандардың саны коронавирус жұқтырғандар санынан екі есе артқанын хабарлағанбыз.
Вакцинацияланғандардың 75%-ы сегіз елдің тұрғындары: АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Түркия, Израиль, Бразилия, БАӘ.