Балалар үйінің 68 млн теңгесі қолды болды - іс сотқа жетті

Балалар үйінің 68 млн теңгесі қолды болды - іс сотқа жетті

Балалар үйінің 68 млн теңгесі қолды болды - іс сотқа жетті
ашық дереккөзі
205
Аматы облысының Бағанашыл шағын ауданындағы №1 балалар үйінде тәрибеленушілердің шоттарынан қомақты қаражат жымқырды деп күдікке ілінген әлеуметтік педагогтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. «Былты тамыз айында маған Бағанашылдағы №1 Алматы облыстық балалар үйінің түлектері мен тәрибеленушілері жүгінді. Олардың мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік көмек аударуға арналған шоттарынан ақша ұрланған. Балалар маған өз шоттарынан бірнеше жыл бойы банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алынғанын, дүкендерде төлем жасап, басқа тұлғалардың карталарына ақша аударылғанын дәлелдейтін үзінді көшірмелер көрсеткен болатын» - деп еске алады Аружан Саин. Еске салсақ, тамыздың аяғына қарай осы оқиға бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылып, 30 жастағы күдіктіні Тараз қаласында қолға түсірген болатын. Ал биыл ақпан айында Алматы қаласындағы Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық Кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. «Қазір әлеуметтік педагогқа қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі) және балалар үйінің директорына қатысты немқұрайлылық (ҚР ҚК 371-бабы 1-бөлігі) фактілері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне осы орайда алғыс білдіремін және балалар құқықтарының өрескел бұзылуына жол берген тұлғалар лайықты жазаға тартылады деп үміттенемін. Ең бастысы, балаларға келтірілген залал тезірек және толық көлемде өтеледі. Сот пен прокуратура бұған ерекше назар аударады деп сенемін», - деп жазды уәкіл.

Серіктес жаңалықтары