237
Тәуелсіздік күнтізбесі
Тәуелсіздік күнтізбесі
- 2009 жылғы 26 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Киото хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
- 2010 жылғы 26 наурызда Астананың сол жағалауында онкологиялық және басқа да сырқаттарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін Позитронды-эммисиондық томограф орталығы ашылды.
- 1992 жылғы 27 наурызда «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды.
- 1992 жылғы 27 наурызда Алматыда ТМД елдері Жоғарғы Кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі өтті.
- 2002 жылғы 27 наурызда ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды.
- 2003 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының «Несиелік серіктестері туралы» заңы шықты.
- 2003 жылғы 28 наурызда құны $160 млн, ұзындығы 448,8 шақырым және бастапқы жылдық қуаты 6 млн тонна «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының бірінші кезеңі ресми түрде ашылды.
- 2012 жылғы 28 наурызда Жаркент қаласында өндірістік қуаттылығы жылына 48 млн дана болған полипропилен қаптарын шығару зауыты жұмыс істей бастады.
- 1994 жылғы 29 наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды.
- 2001 жылғы 30 наурызда «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы» құрылды.
- 2015 жылғы 30 наурызда Алматыда Dostyk Plaza сауда орталығының аумағында Қазақ хандығының құрылуы мен дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларға ескерткіш қойылды.
- 2006 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды.
- 2013 жылғы 31 наурызда Өскеменде КIA Quoris көлік шығару зауыты іске қосылды.
- 1993 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» № 2069-XII заңымен «Даңқ» ордені бекітілді. Орден тек қана күштік құрылымдар өкілдеріне ғана беріледі.
- 1995 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті құрылды.
- 1997 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әділет министрлігі туралы ереже бекітілді.
- 2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығы ашылды.