1665
Түркістанда Қазақстандағы ең үлкен алхоры бағы өсірілмек
Түркістанда Қазақстандағы ең үлкен алхоры бағы өсірілмек
Түркістан қаласында еліміздегі ең үлкен алхоры бағы өсірілмек, деп хабарлайды Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Халықаралық әуежайға барар жолдың бойындағы бақтың жалпы аумағы 400 гектар. Онда 3-5 жылда өнім беретін алхорының «Black Splendor», «Black Diamond» және «Angeleno» сұрыптары отырғызылуда. Бақша өнім берудің толық мерзіміне жеткенде әрбір гектардан 20 тонна алхоры береді деген жоспар бар. Жобаның иесі, кәсіпкер Болатбек Әлиев израильдік озық технологиямен егіліп жатқан баққа мол сенім артып отырғанын айтты.Басқа жеміс отырғызбай алхоры егуіміздің бірнеше себебі бар. Жемістің бұл түрі базар нарығында сирек кездеседі және бағасы да жоғары. Сондай-ақ көшеттің бұл сорттары Түркістан қаласының климатына шыдамды. Әдеттегідей тамшылатып суару жүйесі енгізілгендіктен су айтарлықтай үнемделетін болады. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етуді өзімізге басты мақсат етіп алдық, – дейді Болатбек Нәжметдинұлы.