317
Мьянмадағы наразылықты басу кезінде 100-ден астам адам қайтыс болды
Мьянмадағы наразылықты басу кезінде 100-ден астам адам қайтыс болды
27 наурызда Мьянманың әртүрлі қалаларында өткен наразылық шеруін тарату кезінде 102 адам қаза болған. Бұл туралы Жергілікті the Irrawaddy басылымы хабарлады.
Зардап шеккендердің арасында 5 пен 15 жас аралығындағы төрт бала бар.
Ақпан айының басынан бастап Мьянмада наразылық басылған жоқ. Ел Президенті Вин Мьин мен мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи ұсталды.
Елде бір жылға төтенше жағдай жарияланды.