Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?
ашық дереккөзі
50243
Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат. Әрі ұшақтарда еш айырмашылық жоқ. Неге? Өзбек сенаторлары осыны түсінбей дал болуда. Өзбекстан Республикасының Олий Мәжіліс Сенатының ресми сайтының хабарлауынша, өзбекстандық сенаторлар Қазақстанмен арадағы әуе рейстерінің бағасы қымбат екеніне алаңдаулы. Әуе билеттерінің қымбаттығына байланысты тиісті сенаторлық сауал Өзбекстанның Монополияға қарсы комитетінің төрағасына жіберілді.
«Бүгінде ұшу уақыты 1 сағат 10 минут болатын Ташкент–Алматы бағыты бойынша бір бағыттағы әуе билетінің бағасы 4 млн 700 мың сумды құрайды. Ал ұшу уақыты 3 сағат 40 минут болатын Ташкент–Мәскеу бағыты бойынша авиабилеттің бағасы 4 миллион 200 мың сум, Ташкент–Рига бағыты бойынша – 2 миллион 800 мың сум (ұшу уақыты - 5 сағат 30 минут) және Ташкент – Нью-Йорк бағыты бойынша 6 миллион 500 мың сум (ұшу уақыты-12 сағат). Бұл ретте ұшақтың түрлері бірдей», - делінген ресми сауалда.
Тиісті талдау және халықпен тікелей диалог негізінде депутаттар Қазақстанмен арадағы әуе рейстерінің бағасы тым жоғары екеніне алаңдаушылық білдірді. «Көріп отырғанымыздай, ұшу уақыты 1 сағат 10 минут болатын Ташкент-Алматы бағыты бойынша бір бағыттағы әуе билетінің бағасы бірнеше сағатқа ұзағырақ ұшатын рейстерге белгіленген бағадан едәуір жоғары. Бұл түсініксіз жағдай, артық шығын шығаруға мәжбүр болған азаматтарымыз үшін қиындықтар туғызады», - деп атап өтті өзбек сенаторлары.

Серіктес жаңалықтары