Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды
ашық дереккөзі
50168
Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 16 сәуірде сағат  01:00-де 33 жастағы жүргізуші мас күйде «Киа» маркалы көлікпен келе жатып, Бөгенбай көшесінің бойындағы көлік тұрағында тұрған 6 көлікті соққан. «Апат салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ. Осы іс бойынша жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот үкімі бойынша жүргізуші кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынады және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды» делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары