50272
Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 181 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.5. Магнитудасы MPV 3.7. Бағыты 43.84° с.е 74.86° ш.б. Тереңдігі 10 км»,-делінген хабарламада.