50475
Балалар жұтып қойған заттардан дәрігерлер 15 жыл бойы коллекция жасаған
Балалар жұтып қойған заттардан дәрігерлер 15 жыл бойы коллекция жасаған
Ресейдің Кемер облыстық балалар ауруханасында ерекше коллекция жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Онда емханаға түскен бүлдіршіндердің жұтып қойған заттары сақтаулы тұр. Арасында есіктің кілттері, ұсақ ойыншықтар, түймелер мен тиындар да бар. Коллекциядағы заттардың саны 500-ден асады. Дәрігерлер оларды шамамен 15 жыл бойы жинаған екен. Бұл заттар медициналық оқу орнында білім алатын студенттерге көрсетіледі.
Бала моншақ, шеге, жемістің дәнегі не сүйек секілді заттардың бәрін жұтып қоюы мүмкін. Бізде бүлдіршіннің ішінен сағатты алып шығу оқиғасы да болған. Дегенмен, ең қауіптілері – үшкір заттар, батареялар мен магниттер. Өйткені мәселен, батареялар ылғалды ортада тотығып, шырышты қабықтың күйігіне әкеп соқтыруы мүмкін. Ал, магнит салдарынан ішектің жабысып қалуы ғажап емес» дейді аурухананың эндоскопиялық бөлімінің меңгерушісі Надежда Лубкова.