229
Елордадағы мектептердің бірінен 175 адам эвакуацияланды
Елордадағы мектептердің бірінен 175 адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтандағы жеке меншік мектептен 175 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Эвакуацияға жарылғыш зат туралы хабарлама себеп болған.
Бүгін сағат 11.32-де Askona Garden School жеке мектебінің электрондық поштасына жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Мектептен 175 адам эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - делінген хабарламада.Полицейлер Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.