Талайғы Түркістан. Елбасы көне шаһардағы жаңа нысандармен танысты

Талайғы Түркістан. Елбасы көне шаһардағы жаңа нысандармен танысты

Талайғы Түркістан. Елбасы көне шаһардағы жаңа нысандармен танысты
ашық дереккөзі
396
Түркістан – қашан да күллі түркі жұр­­тының алтын бесігі. Көне шаһар облыс орталығын ай­нал­ғалы көп өзгерді. Тарихи қаланы көр­мек­ке жан-жақтан ағылған­дар­дың қара­сы қалың. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барып, мәдени маңызы зор бірқатар нысанның ашылуына қатысты. Тұңғыш президенттің бұл сапары Қазақ хандығына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысудан басталды. «Қазақ хандығына арналған мемориал кешен» Қазақ хандығының негізін қа­ла­ған, іргесін мықтап, керегесін кеңіт­кен хан­дардың құрметіне тұрғызылған. Ме­мо­риал киіз үй түрінде салынған. Биік­тігі 7 метр болатын 21 уық Түркістанда жер­­­­ленген 21 ханды білдіреді. Уыққа Есім­нен Әликен хан­ға дейінгі билеу­ші­лердің есімі мен хан­дық құрған жылдары жазылған. Сәулет ке­шенінің орта тұсын­дағы гранит тұғырда хан­дардың асатаяғы пі­шіндес, биіктігі 12 метр болатын стела орнатылған. Жобалау құны 1,9 млрд теңге болатын мемориалдық ке­шеннің жалпы ау­даны – 0,85 гектар. Мемориалдың ашылу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Дала бірлігі» кап­су­ласын салды. Капсулаға Қазақстанның бар­лық өңіріндегі киелі жерлердің топыра­ғы жиналған. Сондай-ақ Елбасы ботаникалық бақтың да­му жоспарымен танысты. Сонымен қатар «Күлтөбе қалашығы» археологиялық сая­бағын құру жобасы туралы баяндалды. Жалпы «Яссы» ботаникалық бағы­ның ау­даны – 7,7 гектар. Бақ раушан гүл­дерден жә­не аршадан жасалған ою-өрнек бей­не­сін­дегі үлкен лабиринтпен безендірілген. Оған қоса раушан гүл­дермен көмкерілген гүл­зарлар да бар. Баққа мыңға жуық ағаш егіл­ген, оның 800-ден астамы шие, алма, тал­шын, до­ла­на, қызғалдақ ағашы сынды гүл аша­тын ағаштар. Одан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» тарихи-мә­дени қорығының ау­мағында орна­лас­қан интерактивті эт­ноауылға барды. Он­дағы қолөнершілер көшесін аралады. Қолөнершілер көшесінде ағаш ұста­лары­ның, тоқымашылар мен киіз басу­шылардың, қыш бұйым жасайтын ше­бер­­лердің, зергерлердің, тас қашау­шы­лар­дың 5 түрлі тақырыптық шебер­ха­насы бар. Тұңғыш Президент этноауыл­дағы көш­пенділер асханасын да та­ма­шалады. Жақында қалада жаңа музыкалық дра­­ма театр бой көтерген болатын. Ел­басы Му­­­зыкалық драма театрдың ашылу рәсіміне қа­тысып, түркі халық­тарының тарихы мен өмі­рінен сыр шертетін «Шаңырақ» ми­ниа­тюрасын та­машалады. Қойылымнан кейін Елбасы театр әр­­тіс­терімен сөйлесіп, Құрметті қонақ­тар кіта­бына естелік жазба қалдырды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкіл­дерімен сұхбаттасып өңірдің даму нәти­же­лері туралы айтты. – Түркістан қазіргідей жаңғыруды бұ­рын-соңды басынан өткізіп көрген емес. Та­ны­мас­тай болып өзгерді. Бұл жер қа­зақ­стандықтар үшін ғана емес, бар­лық турис­тер үшін де бірегей мекен­ге айналады, – деді Елбасы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті ин­вестициялық және туристік жоба­ларды, сондай-ақ қаланың және тұтас өңір­дің тұр­ғын үй мен әлеуметтік инф­рақұрылымын да­мытуға бағытталған жо­баларды одан әрі жүзеге асырудың маңы­зына да тоқталды. – Қалада жаңа жұмыс орындары ашы­­лып жатыр, жастарға мол мүмкіндік туды. Туризм университеті бой көтерді, бүгін та­маша театрдың тұсауы кесілді. Бұл – шын мә­нісінде айтулы оқиға, – де­ді Нұрсұлтан Назарбаев. Одан кейін Елбасыға Farab Library кі­тап­ханасындағы роботтандырылған тех­ника зертханасының жұмысы та­ныстырылды. Farab Library кітапханасы – заманауи құ­рылғылармен және озық тех­но­ло­гиямен жаб­дықталған көпфункциялы білім беру ке­шені. Бұл жерге 480 мың кітап қоры сыя­ды, цифрландыру, консервациялау және рес­таврациялау зерт­ханасы, 400 адамға ар­налған дәріс залы, көрме атриумы, FabLab цифрлы шеберханасы, музыкалық зерт­хана, фото және видеотүсірілімге арналған муль­тимедиа залы, 3D модель жасайтын проек­ция залы, каллиграфия және қыш өнері студиясы, конференция өткізуге лайы­қ­талған залы бар коворкинг, ком­пьютер сыныбы, сирек кітаптар мен ма­нускрип­тер залы орналасқан. Одан соң Елбасы «Керуен-Сарай» көп­­функциялы туристік кешеніне барып, «Ал­тын Самұрық» атты ұшатын театрдағы шоу­ды тамашалады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың келуіне орай «Қыз қуу театрлан­дырылған кө­рінісі көрсетілді. Кешен «Әзірет Сұлтан» тарихи-мә­де­ни қорығының аумағында орна­лас­қан.  width= «Керуен-Сарай» кешенінде «Жібек жо­­лы» дәуірінен сыр шертетін сауда­гер­лер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», ат ойын­дарын өткізетін амфи­театр, шығыс ба­зары, сауда сөрелері мен бутиктер, қо­нақүйлер мен мейрамха­налар, SPA және фит­нес орталық, отба­сылық ойын-сауық ке­шендері бар. Олардың бәрі су арналары ар­қылы бір-бірімен жалғасып жатыр. Елбасы қаланы дамыту үшін басқа да жоспарлар құрылғанын айтты. Тұң­ғыш Пре­зидент Түркістанға айрықша көңіл бө­ліп, мәртебесін көтеруді екі мыңын­шы жыл­дардан бері армандап кел­генін айтты. – Түркістан жұртшылығына, бүкіл оң­түстік өңірдің еліне айтатын сөзім – жаңар­ған Түркістан бәрімізге құтты бол­сын! Шындығында, мұндай қаражат, мұн­дай көңіл жүздеген жылдық тарихы бар Түр­кістанға ешқашан бөлінген емес. Бұ­ған дейін Түркістанның 1500 жыл­ды­ғын атап өт­кенде «осы Түркістанды бір көтерсек» деп ар­мандап едім. Алайда ол кезде елдің бұған жағ­дайы бола бер­меді. Сол аралықта мем­лекет құрылды. Қазақстанды нығайту мен елімізді дүниежүзіне таныту керек деп шап­қылап жүрдік. Енді уақыт келді. 2019-2020 жылдардың ішінде Түркістанда 257 ғи­марат салынды. Былтыр келген адам Түр­кістанды қазір танымайды. Қала аста­надан да тез салынып жатыр. Қазір қала хал­қының саны 200 мың болса, 2025 жылы 300 мыңнан асады деген жоспар бар. Алда­ғы төрт жылдың ішінде Түркістанда 26 мың пәтер са­лы­нады», – деді Н.Назарбаев. Елбасы әлі алда көп жұмыс атқа­рылуы керек екенін айтты. – Түркістанды түркітілдес елдердің ру­хани астанасы деп жарияладық. Елі­міздегі дү­ниежүзілік деңгейдегі әуе­жайды бірінші рет Түркістанда салдық. Ке­летін туристер са­н­ы да артады. Жұ­мыс қызады, жастарға жұ­мыс орындары ашылады. Мүмкіндіктер кө­бейеді. Мұнда тағы туристерге қызмет ете­тін университет ашылды. Міне, Түр­кістан­да ха­лықаралық деңгейдегі театр са­лынды. Ойласақ ойға келмейтін, түске кір­мейтін істер болып жатыр. Бұған қуа­найық. Осының бәрі Қазақстанның 30 жыл­­дығына жасап жатқан тартуымыз. Ата-бабаның арманын орындап, тәуел­сіз Қа­зақстанды осылайша көркейтіп жа­тыр­мыз. Алла бізді бірліктен айыр­ма­сын. Елдің ішін­де ауызбіршілік мық­ты болсын! – деді Елбасы. Түркістанның тұғыры биік болуы – ел рухының аласармауына ке­піл. Әлем бойын­ша мәдениеттің оша­ғы саналатын қала­лар­дың қа­тарында тарихы терең Түркістан­ның болуы – заңдылық та. Не дегенмен түр­лен­ген Түркістанның ай­шықты қадамдары көңіл қуан­тарлық.

Серіктес жаңалықтары