341
Депутат: Ұлттық Қордан қаражат алу – болашақ ұрпақтың несібесін жеумен тең
Депутат: Ұлттық Қордан қаражат алу – болашақ ұрпақтың несібесін жеумен тең
Депутат Азат Сембинов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдап, Ұлттық қордағы қаражат мәселесін көтерді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Депутаттың айтуынша, биыл бюджетті нақтылау кезінде, шығындарды өтеудің негізгі көздерінің бірі Ұлттық қордың 850 млрд теңге қаражаты болған.
«Жалғасып жатқан «коронакризис» және бюджеттің тапшылығы жағдайында бұл шешімді мақұлдауға мәжүр болдық. Сонымен қатар, Ұлттық қордан алынған қаражат, еліміздің болашақ ұрпақтарының несібесін жеп қоюмен пара-пар. «Ақ жол» фракциясы бірнеше рет Норвегия мұнай қорының тәжірибесіне сүйенуге шақырған, яғни, ағымдағы бюджеттік қаржыландыруға инвестициялық табыстың белгілі бір бөлігі ғана бағытталуы мүмкін, ал негізгі жинаққа ешкім қол сұға алмайды. Мысалы, алдыңғы дағдарыстан кейін Норвегия өзіннің мұнай қорының бар-жоғы 1-ақ процентін жұмсаған. Ал Қазақстанның ұлттық қорынан сол кезде 83 млрд доллар жұмсалған» деді депутат бүгінгі Мәжіліс отырысында. Оның айтуынша, 2001-2015 жылдары ұлттық қорға 147 млрд доллар түсім түскен. Демек Қазақстан бүгінгі дағдарысқа дейін ұлттық қордың жартысынан астамын жұмсап қойған. «Ақ жол» фракциясы еліміздің болашақ ұрпақтарының игілігін ысырап етуді жөнсіз деп санайды. Әсіресе, бұл шығындар, аяқталмаған құрылыс обьектілерінің бағаларынан бастап, оқушыларға бөлінген ноутбуктерді ұрлауға дейінгі жемқорлықпен байланысты болса. Осы негізде «Ақ жол» фракциясының депутаттары ұлттық қорды сақтау және оны жинақтау функциясын іске асыру мақсатында, айтылған кемшіліктерді ескере отырып, Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынады», - деп атап өтті Азат Сембинов.