350
60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды
60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды
Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерін ҚР ҚК-нің "алаяқтық" және "пара беруге итермелеу" деген екі бабы бойынша айыптады. Сот 2019 жылдың шілдесінде оның кәсіпорын иесін салықтар мен өсімпұлдарды қоса есептеу мәселесін шешу үшін пара беруге итермелегенін анықтады. Қызметкер 60 миллион теңге көлемінде пара алған. Сот оны екі бап бойынша да кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол өз мерзімін ең жоғары қауіпсіздік колониясында өтейді.