Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді
ашық дереккөзі
308
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды kursiv.kz.
"Егер кінә (вице-министр Сәкен Мұсайбеков) дәлелденсе, онда заңға сәйкес, мен отставкаға кету туралы өтініш беремін", - деп жауап берді Райымқұлова.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров 26 ақпанда ведомствода өткен брифинг барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт вице-министріне (Сәкен Мұсайбеков - Курсив) қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлғаның құрылтайшысынан пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен пара алушы мен пара беруші қамауға алынды", - деді Бигайдаров.
Ведомство өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтынын атап өтті. Айта кетейік, 21 ақпанда әлеуметтік желілер мен Telegram-арналардат Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың ұсталғаны туралы ақпарат тарала бастады, алайда ресми ведомствода оған түсініктеме берген жоқ. Сәкен Мұсайбеков Үкіметтің 2020 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен вице-министр қызметіне тағайындалды. Бұған дейін, 2019 жылдың ақпан айынан бастап ол ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы болды. Бұдан бұрын, 2015 жылдан 2019 жылға дейін мәдениет және спорт вице-министрі болған....

Серіктес жаңалықтары